ЖАЙНА ШЕКЕРБЕКОВА — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

77
0
Шымкентті боксшы Жайна Шекербекова Иордания елінің астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер арасында құрама қоржынына екінші алтын медальді салды, деп хабарлайды Uakit.kz. 
Әйелдер арасында өткен чемпионатта 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жайна Шекербекова финалда таиландтық Джутамас Джитпонгпен кездесті. Шекербековаға жекпе-жек оңайға түскен жоқ. Әрбір раунд шайқасқа толы өтті. Қайсар мінезді спортшымыз үш раундта өзінің басымдығын, мықтылығын көрсетті. Төрешілердің шешімі бойынша Жайна Шекербекова тайландтық Жутамас Житпонгты 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Спортшымыз еліміздің көк туын жеңіс тұғырынан желбіретті. Шекербекова бұған дейін турнирде жапондық Нарита Хананы және Тайваньдық Хуан Сяо Венді де ұтқан болатын.
Естеріңізде болса, Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатына Шымкент қаласының спортшылары да аттанған болатын. 66 келіде Мадина Нұршаева Азия чемпионатының қола жүлдесін иемденсе, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан ертең финалда Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері Филиппин спортшысымен Карло Паалам алтын жүлде үшін жұдырықтасатын болады.
Айта кету керек, Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында ерлер арасында қазақстандықтардың қарсыластары анықталды.
48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) — Аратаке Кадзума (Жапония).
51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан).
54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) — Карло Паалам (Филиппины).
57 кг. Серік Теміржанов (Қазақстан) — Абдумалик Халоков (Өзбекстан).
67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) — Бунджонг Синсири (Таиланд).
71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Зеяд Ишайш (Иордания).
75 кг. Нұрқанат Райыс (Қазақстан) — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан).
92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан).
+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).