ӨРТ ЖАРТЫ САҒАТТА ӨШІРІЛДІ

Ағымдағы жылдың 21 наурызында Түркістан қаласы, Хақназархан көшесі бойындағы  үйдің ауласындағы уақытша тұрған үй өртенеді.

Бұл туралы хабарлама сол күні сағат 18:50-де Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне түседі. Хабарлама бойынша өрт сөндірушілер АЦ-5-40(43253)-011 өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына сағат 18:56-де жетеді. Оқиға орнына келген кезде өрт сөндірушілер тұрғын үй ауласында уақытша тұрған үй жанып жатады. Едел-жедел әрекет еткен құтқарушылар өрттің бетін сағат 19:04-те қайтарады. Сағат 19:27 минутта өрт толық сөндіріледі. Орын алған оқиғадан зардап шеккендер болмаған.