АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

71
0

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, өнім көлемін арттыру, егістік жерлерді ұлғайту, өнім сақтайтын қоймалар санын арттыру мақсатында инвесторлармен етене жұмыс істеу ісіне айрықша назар аударылып келеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 14 ірі қойма жұмыс жасайды – 6 климаттық, 8 құрғақ қойма мен базарлар. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға даяр кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынып келеді. Солардың бірі — «KAZAKHSTAN LOGISTICS GROUP» ЖШС. Бозарық шағын ауданында орналасқан қоймада екі кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде. І кезеңде 40 мың тонна өнімге шақталса, екінші кезең 2025 жылға дейін аяқталса қуаты екі есеге артады. Алғашқы кезең бойынша үй-жайлардың құрылысы толық аяқталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін кезек-кезегімен жүктеу басталды. Сондай-ақ «Керемет сапа» ЖШС – климаттық қойма салуды қолға алып отыр. 1 мың шаршы метр аумақта 2 мың тонна көкөніс сақтауға болады. Жобаның құны – 500 млн теңге. Биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталса 15 адам жұмысқа орналасады. Өзге де кәсіпкерлер өз жобаларына жер телімін беруді, кейбірі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді сұрап отыр. Жалпы Шымкентте 6 айда ауыл шаруашылығы саласында 17 млрд теңгенің өнімі өндірілді, салаға тартылған инвестицияның көлемі 1,1 млрд теңгені құрады. Биылғы жылы 30 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде дәнді дақыл- 13 мың га, майлы дақыл – 3,6 мың га, мал азықтық – 9,6 мың га, көкөніс пен бақша – 3,4 мың га, картоп – 0,4 мың га, жүгері – 0,1 мың га. Нәтижесінде 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда 33,5 мың тонна өнім жиналды.Соңғы 8 айда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласы бойынша экспортталған өнім көлемі 122,1 млн АҚШ долларын құрады. Былтырғы табыс 110,7 млн. болса, биыл 11,4 млн. АҚШ долларына артты. Қайта өңделген өнім эспорты — 108,5 млн АҚШ долларын немесе жалпы экспорттың 88,9 пайызды құрайды. Өнімнің 40 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, 60% өзге шет мемлекеттерге экспортталған. Ұн -111,4 мың тонна, өсімдік майы — 33,2 мың тонна, кебек- 39,0 мың тонна, макарон – 2,3 мың тонна, қауын, қарбыз- 1,7 мың тонна, пияз — 422,9 тонна, қырыққабат- 170,0 тонна, қызанақ- 96,0 тонна, шұжық-37,0 тонна, ет-260 тонна, жүн-753 тоннаны құрады.