ШЫМКЕНТТЕ ЗАУЫТ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН БАР

Шымкенттегі «Тассай» индустиралды аймақта зауыт қондырғысын және оның бөлшектерін дайындап құрастыратын кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкенттегі «М GROUP KZ» серіктестігі зауыт қондырғыларын құрастыратын ең ірі кәсіпорын. Мұнда асфальт, цемент және қиыршық тас шығаратын алып қондырғыларды жасалады. Өндірісорын үш бағытта жұмыс жасайды. Ол құрастыру, механикалық жинау және құйма цехы. Өнім өндіруе ең алдымен шойын, болат, мыс, мырыш металлдары арнайы пеште балқытылады. Металл 1800 градус ыстық пештен шықғып, балқыған сұйық металл қалыпқа құйылып, одан алып қондырғылардың бөлшектері дайындалады. Ал екінші цехта цемент шығаратын зауыттың қозғалтқыш бөлшектері дайындалады.
«Қазір бетон қоспасын айналдыратын ондырғының редукторын жасап жатырмын. Өнім алғашқыда құйма цехынан бізге келеді, біз оны жону станогынан өткіземіз. Бұдан бөлек басқа да өнімдерді жасаймыз. Біз жасап болған соң, өнімді слесарьлар жинап құрастырады», — дейді «М GROUP KZ» ЖШС темір жонушысы Бекжан Тұранов.
Қондырғының бір бөлшегін жасап шығрау үшін 3 күн уақыт кетеді. Дайын болған өнім үшінші цеха жөнелтіледі. Мұнда тас өңдеу, цемент пен асфальт шығаратын қондырғылардың негізгі қаңқасы шығарылады. Онда дәнекерлеушілер зауыттың бункері, цистернасы секілді ең ірі бөлшектерін құрастырады. Дайын болған өнім сынақтан өткізіліп, керекті түске боялады.
«Өндірілген өнімге 2 жыл кепілдік беріледі. Қондырғыларды автоматтандыру, программалық жүйелеуді де осында істейміз. Өндіріс орында құрастыру цехы, механикалық жинау цехы, құйма цехтарында толықтай жұмыстар жүргізілуде», — дейді «М GROUP KZ» ЖШС директоры Бекжан Тұранов.
Мұнда асфальт, цемент және қиыршық тас шығаруға арналған 15-20 түрлі зауыт қондырғылары құрастырылады. Қондырғыларды толықтай орнату бағасы 6 млн.теңгеден бастап 200 млн.теңгеге дейін барады. Қондырғылардың қуаттылығына қарай бағасы да өсе береді. Бір қондырғыны шығару 1 айға жуық уақыт кетеді. Аталмыш компания жылына 15 тапсырыс орындайды.