ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛДЫ ТЕЗ ТАПҚЫЗАДЫ
Жыл басынан бері Түркістан қаласында объектілік, арнайы тактикалық және сейсмикалық жаттығулар өткізілуде.
Бұл турала uakit.kz-ке Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері Амир Амангельдинов мәлімдеді.
Оның сөзінше жыл басынан бері Түркістан қаласында 7 объектілік жаттығу өткізілген. Сонымен қатар алада 8 арнайы тактикалық жаттығу жиыны өткен. Одан өзге 497 сейсмикалық жаттығу іс-шарасы өткізілген.
Айта кетейік, объектілік жаттығу дегеніміз төтенше жағдайлар кезінде ықтимал жағдайдың кіріспе элементтерін пысықтау бойынша обьектілік жаттығулар болады. Бұл оңайлатылған, орындалған іс-шаралар көлемі және кешенді оқу-жаттығуларды жүргізу уақыты бойынша қысқартылған оқу жаттығу.
Обьектілік жаттығулар жұмыс істеушілердің саны 300-ден аз, санатталмаған ұйымдарда, жоғары және орта арнайы оқу орындарында, сыйымдылығы 600 төсектен аз медициналық емдеу-сауықтыру мекемелерде үш жылда 1 рет кезеңділікпен өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидасында арнайы тактикалық оқу-жаттығулар бейбіт және соғыс уақытындағы мақсаты бойынша міндеттерді орындау үшін азаматтық қорғау құралымдарын дайындаудың негізгі және барынша тиімді нысаны болып табылатыны жазылған.
Ал арнайы-тактикалық оқу жаттығулар жыл сайын аумақтық және объектілік деңгейде өткізіледі. Аумақтық деңгейде азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарымен, жедел ден қою жасақтарымен, ал обьектілік деңгейде азаматтық қорғаудың обьектілік құралымдарымен ұйымдастырылады.
Арнайы тактикалық оқу-жаттығуларда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды, әртүрлі жағдайларда құралымдардың епті іс-қимылдарын жүргізуге басшылықтан уақтылы және негізделген шешім қабылдауды талап ететін осы өңірге (облысқа, қалаға, обьектіге) тән жағдай жасалады.
Азаматтық қорғаудың аумақтық және обьектілік құралымдарымен арнайы тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу басшысы болып азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы немесе азаматтық қорғау құралымының командирі тағайындалады, ал азаматтық қорғау қызметтерінің құралымдарымен азаматтық қорғау қызметтерінің тиісті бастығы немесе азаматтық қорғаудың осы құралымының командирі тағайындалады.
Арнайы тактикалық оқу-жаттығуды аумақтық деңгейде дайындау және өткізу үшін оқу-жаттығудың басшысы, оның орынбасарлары тағайындалады, сондай-ақ оқу-жаттығуды басқару штабы құрылады. Обьектілік деңгейде арнайы тактикалық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу үшін оқу, оқу-жаттығу барысында жоспарланған іс-шараларды жүргізуге жауапты (қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық үшін, қажетті мүлікпен жарақтау үшін) оқу-жаттығу басшысы тағайындалады
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидасында сейсмикалық қауіпті өңірлерде сейсмикалық жаттығулардың өткізу шегеленген.
Сейсмикалық жаттығулар сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан ұйымдардың қызметкерлерімен, студенттермен, білім беру ұйымдарының оқушыларымен, педагогтарымен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиешілерімен, балаларымен және қызмет көрсетуші персоналмен әр тоқсан сайын өткізіледі.
Сейсмикалық жаттығуларды арнайы тактикалық оқу-жаттығулармен біріктіруге рұқсат етіледі.