ҮЗДІК КӨРСЕТКІШ ШЫМКЕНТКЕ ТИЕСІЛІ

96
0

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсімі 3,6%-ды құрады. ҚР-ның 20 өңірінің тек 9-ы ғана республика бойынша орташа деңгейден жоғары көрсеткіш көрсетті. Республикалық маңызы бар қалалар арасында республика бойынша үздік көрсеткіш 6,3%  өсіммен Шымкентте тіркелді.

Шымкентке келетін болсақ, ең ірі оңтүстік мегаполис Қазақстанда және әлемде болып жатқан дағдарысқа қарамастан оң даму динамикасын көрсетіп отыр. Әсіресе, қала экономикасының нақты секторы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Қаңтар–қыркүйек айларында шымкенттік кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі 666,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% өсті. Сонымен қатар, құрылыс индустриясы орасан өсім көрсетті: бірден 39,7% көбейіп, 131,4 млрд теңгеге жетті. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 27,5% өсіп, 80,2 мыңнан 507,1 мың шаршы метрге дейін жетті. Өз кезегінде байланыс қызметтерінің көлемі 4,6%, пошта және курьерлік қызмет 3,4% өсті. Шымкент — Қазақстандағы халқының саны бойынша үшінші қала, ал ауданы бойынша бірінші қала, ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтардың бірі. 2020 жылы ол ТМД-ның мәдени астанасы болды. Қаланың одан әрі даму болашағы зор. Бұл жағдайда қалаға құйылған инвестиция, сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту маңызды. Биыл негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсімі бойынша Шымкент алдыңғы қатардағы 3 өңірдің қатарында. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша, мұндағы инвестиция көлемі 327,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8% артық (ФКИ — 120%). Инвестиция негізінен құрылыс жұмыстарына және ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге бағытталған — сегменттің үлесі 81,3%-ды құрады. Барлық инвестициялардың 18,3%-ын машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар және тауарлық-материалдық құндылықтар құрады.