ҚУАТТЫ ӨҢІР — ҚУАТТЫ ӨНДІРІС

Шымкентте«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында қой мен түйе жүнінен тігілген сапалы өнімдер шығарылуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласындағы «Шымкент-Кашемир» серіктестігі қой мен түйе жүнінен бірнеше өнім түрлерін шығаратын кәсіпорын өңір экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосуда. Бұл кәсіпорын өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға, соның ішінде қой, түйе жүнін тиімді өңдеудегі үлесі орасан зор.  Фабриканың көрпе, жастықтар ерекше, өйткені материалының құрамы қой мен түйе түбітінен жасалған.  Мұндай көрпе, жастықтар тек Шымкентте ғана шығарылады. Көрпе, жастықтарға салынатын түбін жаңа технологияларды қолдана отырып жасалынады. Яғни Қазақстанның әр аймағынан әкелінген жүндер сұрыпталады, тазартылады, кейін өңделіп тігіледі.
«Көрпе матасын пішіп алып, түйе түбітін өлшеп, қондырғыға салып, көрпе шығарамыз. Осылайша күніне 35-40 көрпеге дейін өндіреміз», — дейді фабрика жұмысшысы Тамара Бекметова.
Фабрика мамандарының айтуынша қой мен түйе түбітінен тігілген көрпе, жастықтар адамның тынығуына тікелей әсер етеді. Оның үстіне қолайлы, жайлы әрі табиғи таза өнім.
«Керпеміздің салмағы 2-2,5 кг құрайды. Салмағы өте жеңіл. Адамға өте ығайлы. Жастықтарымызда да сапасы жақсы», — дейді «Шымкент-Кашемир» өндірісінің басшысы Тоқтаған Біржангүл.
Жалпы фабрикадар күніне 30-35 көрпе, 40-50 жастық шығарылады. Сырт көзге саны аз болып көрінуі мүмкін дегенмен зергердің зейініндей мұқияттылықпен жасалған өнімнің сапасы жоғары. Оны шетелдіктер де бағалап, сұранысты үдете түскен.
Фабрика басшысының айтуынша өнім ішкі нарыққа және сыртқы нарыққа дайындалады. Экспортқа АҚШ пен Канада елдеріне тапсырысымен жөнелтіледі.  Өндіріс орында жылына 10  мың көрпе, 15 мың жастық тігіледі. Фабрика басшылығынығ ұстанымы әуелі ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сосын экспортқа басымдық беру.
Айта кету керек, Шымкентте жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд. теңгеге 3 028 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 106,7 пайызды құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 8,1 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 1,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 14,4 пайызға, сумен жабдықтау саласы 16,3 пайызға төмендеген.