«ҚАЗАҚТАНУ» ЖОБАСЫ ЖЫРДАН БАСТАЛДЫ

70
0
Шымкент қаласының «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысы өтті.
Сайысқа этностық топ өкілдері санатындағы жастар қатысып, қазақ тіліндегі көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті, классик ақындарымыздың топтамаларынан өлеңдер оқып, поэмаларынан үзінділер келтірді. Жоба қатысушыларының өнерін сарапқа салған қазылар алқасы жоба қатысушыларының дайындығын, қазақ тіліндегі сөз саптауын, әдеби тілді меңгеруін, көркемсөз оқу шеберлігін, шығармашылық таным-білігін бағалап, үздік шыққандарын анықтады. Қазылар алқасының ұйғарымымен «Жаңғыру – жыр арқауы» шығармашылық сайысының жеңімпаздары болып І-дәрежелі дипломмен – Mohd Farhad Aoub, ІІ-дәрежелі дипломмен – Рахметова Рухшона, ІІІ-дәрежелі дипломмен – Махаматкулова Дилмира марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан жұртшылығының бойында біртұтас ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын дәріптеуге, сондай-ақ, Қазақстан этностарының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілетуге бағдарланған. Айта кетейік, бүгінде еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 1 миллион 112 мыңнан астам халық тұрады. Ұлттық құрамы бойынша тұрғындардың 30%-дан астамын этнос өкілдері құрайды. Қала аумағында 17 этномәдени  бірлестік  және олардың жанында 19 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп әрекет етеді.