ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОҚИҒА ОРНЫНА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТТІ
Ағымдағы жылдың 2-қыркүйегінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне И.Юлдашев көшесіндегі тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті,-деп хабарлайды uakit.kz.
Келіп түскен хабарламадағы ақпараттарды назарға алып өрт сөндірушілер оқиға орнына №1 МӨСБ АЦ-5-40 (43253)-011, АЦ-8,0-70(43118)-013, АЦ-8,0-40(43118)-012 және АЦ-15 (водовоз)-014 өрт сөндіру автокөліктерімен жедел жетеді. Өрт сөндіру депосына хабарлама күндізгі сағат 08:00-де келіп түседі. Құтқарушылар оқиға орнына сағат 08:01-де шығып, 08:08 минутта жетеді.
Оқиға салдарынан тұрғын үйге жапсарласа соғылған жалпы көлемі 160 шаршы метр аумақты құрайтын «Г» типті бір шатыр астында орналасқан гараж, қора, уақытша тұрғын үйдің шатыры толығымен жанады. Сонымен қатар 2 пластик терезелері, қора ішінде жиналған 6 дана сығымдалған шөп күлке айналған. Өртті сөндіруге 1 «Б» оқпаны, қорғауға 2 «Б» оқпаны берілді.
Оқиғаға байланысты құтқарушылар тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау өкінішті жағдайларды алдын алатынын ескертеді.