ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАЛУ ПУНКТТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ӘР АЙ САЙЫН ПЫСЫҚТАЛАДЫ
Түркістан қаласы әкімдігі адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 34 мектеп пен 21 балабақшада, оған қоса 87 жекеменшік балабақшаларда эвакуациялық жиналу пункттері құрылған. Мақсат – төтенше және техногенді апаттардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстарды пысықтау.
Бұл туралы uakit.kz-ке Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі мәлімдейді.
Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі қалалық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе төтенше және техногенді апаттардың алдын алу және жою бағытында құрылған эвакуациялық жиналу пункттерінің жұмыс істеу тәртібі төменде көрсетілген жадынама бойынша жұмыс істейтіні әр ай сайын пысықталады.
Эвакуациялық жиналу пункттерінің басшысы:
Қалалық эвакуациялық комиссия төрағасына бағынады;
Эвакуациялық жиналу пункты жұмысын тәулік бойы ұйымдастырады;
Адамдарды, жүктерді, транспортпен эвакуациялау жұмысын ұйымдастырады;
Ауылшаруашылық малдарын тасымалдауын ұйымдастырады;
Эвакуациялық жиналу пункты топбасшыларының фунционалдық міндеттерін айқындайды;
Жергілікті атқару комитеттерімен, қаланың жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық қызмет көрсететін мекемелермен тығыз байланыста болады;
Қалалық эвакуациялық комиссияның штаб бастығына атқарылған жұмыстар туралы мәліметті әр 2 сағатта және керек жағдайда шұғыл беріп отырады;
Көшіру жұмыстары біткен мезгілде эвакуация комиссия төрағасына, қалалық төтенше жағдайлар мекемесі бастығына баяндап, басқа да тапсырмалар бойынша іс-әрекет жасайды.
Эвакуациялық жиналу пункты бастығының орынбасары:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады;
Эвакуациялық жиналу пункты құрылымын және мақсаттарын білуге міндетті;
Эвакуациялық жиналу пункты бастығы болмаған жағдайда оның функцияларын орындайды.
Анықтамашы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Арыз-шағым өтініш бойынша өзінің міндетін орындайды;
Өтініш, арызды орындай алмаған жағдайда эвакуациялық жиналу пункты басшысына баяндайды;
Жұмысты эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.
Комендант:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Эвакуациялық жиналу пункты жұмыс істеуде керекті техникалық заттарды, құжаттар, прибор, кеңселік заттармен қамтамасыз етеді және үнемі телефонда байланыста болады;
Атқарған жұмыстары туралы эвакуациялық жиналу пункты басшысына әр 30 минут сайын баяндайды;
Ана мен бала бөлмесі, медпункт бөлмесі жұмысын істеуін қамтамасыз етеді.
Құлақтандыру және байланыс тобының бастығы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Байланыс тобына басшылық жасайды;
Қалалық төтенше жағдай бөлімі эвакомиссия басшысымен эвакуациялық жиналу пункты басшысы арасында байланыс орнатады;
Жұмысты эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.
Есепке алу және тіркеу тобының бастығы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Өз тобының мекенін анық біліп, топ мүшелерінің бірі жоқ болған жағдайда оның орнын эвакуациялық жиналу пункты басшысының рұқсатымен басқа топ мүшесімен толықтырып отырады;
Көшірілетін адамдардың, автокөліктің, топ басшылардың аты-жөнін тізімге алады;
Көшірілген адамдаардың тізімін тіркейді;
Әрбір көшірілген автоколонна туралы эвакуациялық жиналу пункты бастығына хабардар етеді.
Көлікпен қамтамасыз ету тобының бастығы:
Көліктік-жаяу-лектер тізімін жасағаннан соң техникалық жұмысшыларды тағайындап, көшірілушілерді көшіп бару пунктіне жайғастыруды ұйымдастырады;
Келген кезде эвакуациялық жиналу пункты басшысына баяндайды;
Науқастарға эвакуация жасау барысында медициналық көмек медбикемен бірге көрсетеді;
Эвакуация аяқталғанда эвакуациялық жиналу пункты басшысына баяндайды.
Колонналар мен эвакуациялық эшелондар құрылымдарын (жасақтау) тобы бастығы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Есепке алу тобының тізімі бойынша көшірілушілердің көліктік немесе жаяу лектерін қалыптастырады;
Лектерді қалыптастырған соң эвакуациялық жиналу пункты бастығына баяндайды және көрсетім бойынша іс- қимыл жасайды;
Үй жануарларын есепке алу және тіркеу тобының бастығы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Оның бұйрықтарын орындайды;
Ветеринария саласында жұмыс істейтін білікті мамандарды жинайды;
Ауыл шаруашылық малдарын қабылдауға және көшіруге жауап береді;
Эвакуациялық жиналу пункты басшысымен тәулік бойы байланыста болады;
Жұмысты эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тобының бастығы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Эвакуациялық жиналу пункты төңірегінде тәртіпті сақтауды, үрейлі болмауды қадағалайды;
Эвакуациялық аймақ құрамынан бұзақылық элементтерінің орын алмауын бақылайды;
Эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.
Эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыру тобының бастығы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Оның бұйрықтарын орындайды;
Эвакуацияланған халықты қабылдайды, орналастырады;
Халықтың орналасуына жауап береді;
Эвакуациялық жиналу пункты басшысымен тәулік бойы байланыста болады;
Жұмысты эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.
Медициналық пунктінің меңгерушісі:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Медициналық пункт жұмысына басшылық жасайды;
Бастапқы медициналық көмекке мұқтаж адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер жиынтығын ұсынады;
Бастапқы медициналық көмек беру жағдайы жаратылмаса, ол туралы эвакуациялық жиналу пункты бастығына баяндайды;
Жұмысты эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.
Ана мен бала бөлімшесінің меңгерушісі:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
7 жасқа дейінгі балаларды қабылдап журналға тіркейді;
Ананың балаға қамқорлық жасауына көмектеседі;
Ананың балаға көмек көрсету жағдайы болмаса, ол туралы эвакуациялық жиналу пункты бастығына баяндайды;
Жұмысты эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.
Ардагерлерге арналған бөлменің бастығы:
Эвакуациялық жиналу пункты бастығына бағынады, ол жоқ болғанда орынбасарына бағынады;
Оның бұйрықтарын орындайды;
Эвакуацияланған ардагерлерді қабылдайды, орналастырады;
Ардагерлердің орналасуына жауап береді;
Олардың қолдан келгенше жағдайын жасайды;
Эвакуациялық жиналу пункты басшысымен тәулік бойы байланыста болады;
Жұмысты эвакуациялық жиналу пункты жұмысы аяқталғанға дейін орындайды.