ЖОЛДЫ ҚЫСҚАРТУ ҮШІН БЕЙТАНЫС ЖОЛМЕН ЖҮРМЕҢІЗ
Бет қаратпайтын боран, дауыл мен ауаны қалың тұман басқан кезде сапарға шығу өте қауіпті.
Төтеншеліктердің осындай ескертуіне қарамастан көптеген адамдар түрлі саяхаттарға шығады. Әсіресе шопандар қыр асып, ауылдан жыраққа кетеді. Нәтижесінде дауылдан бағдарынан жаңылып, адасады. Мұндай жағдайды алдын алу үшін не істеу керек?
Төтеншеліктер бұл сұраққа төмендегіше жауап береді.
Ең дұрысы, дауылды ескертулер хабарланған кезде үй іргесінен әріге аспау керек. Бірақ шұғыл шаруалар шығып жатса, жақындарыңызға қайда кетіп жатқаныңызды хабардар етіңіз. Діттеген жеріңізге қозғалыс бағытын айтып кетіңіз. Есіңізде болсын, жолды қысқарту үшін бейтаныс жолмен жүріп жаңылмаңыз. Байланыс құралыңыздың қуатының бітіп қалмауын басшылыққа алыңыз. Көмек үшін 112 нөмірін теріп, құтқарушыларды шақырыңыз.