ЕСКІ ТЕХНИКА ЕСТІ ШЫҒАРМАСЫН!

Түркістан қаласының төтеншеліктері ескі электр құралдарын пайдалану өрт қаупін тудыратынын ескертеді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Өз кезегінде сала мамандары тұрғындар  үйдегі электр шәйнегінің немесе киім үтігінің ескіргенін байқаса оны пайдалануды тоқтатқаны абзал екенін алға тартады. Ең дұрысы,  тәуекелге бармай жаңасын сатып алған абзал.

Есіңізде болсын!

Егер электр құрылғылары ескірсе, құрылғылармен қоса олардың сымдары да ескіреді. Оны әрі қарай пайдалануды жалғастыру жарық желісінің жұмысының бұзылуына, электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеліп соғады.

Бұған қоса, электр құрылғыларын розеткадан суырып жүруді ұмытпаңыз. Құрылғыларды тоқтан ажыратар кезде сымнан тартпай, штепсельден ұстау қажет. Бұл желіге зиян келтірмейді.