ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІКТЕ 15000 АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

110
0
Шымкенттіктер жалпықалалық сенбілікте 15000 ағаш көшетін екті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту жоспарға енген болатын. Осыған орай қала аумағында «Жасыл қала» акциясы өтті. Акция аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Шымсити» және «Тұран» шағынауданындары аумағына сенбілік ұйымдастырылып, арық-атыздар қоқыстардан тазаланса, аулаларда тазалық жұмыстары жүргізілді. «Жасыл қала» акциясы аясында 15 000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар мен Қаратау ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері жалпы саны 600-ге жуық қызметкер қатысып, 6 техника жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, жалпықалалық сенбілікке қалада орналасқан мемемелер де атсалысып, тазалық жұмыстарына кірісті. Ұйымдастырылған шараға шаһардағы әрбір мекеме қызметкерлері өз аймақтарына тиесілі жерлерді қоқыстан тазартып, тал көшеттерін екті. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ жолының бойында өткен сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Мұрагер» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бейбітшілік шарты әскери күштері» ардагерлері және»Оңтүстік» АЭА қызметкерлері қатысты. Аталған аймақты жасыл желекке айналдыру мақсатына сенбілікке қатысқандар  1800 жуық көшет отырғызды.
Айта кету керек,Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту жоспарға енген. Осыған  орай,  “Жасыл белдеу» КММ-сінің қызметкерлерімен қаланың шеткі аумағындағы 134 га жерге 111 622 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды. Ал қаланың ішкі аумағына — Тұран мөлтек ауданы , Шымсити қалашығы мен Жаңа құрылыс көшелері бойына жоспардағы 100 000 ға жуық ағаш көшеттері егіліп жатыр. Оның 14 000-ы емен, 25 000-ы ясень, 20 000-ы үйеңкі, 5 000-ы талшын, 25 000-ы катальпа ағаш көшеттері. Жоспарға сәйкес аталған ағаш түрлерінің қазіргі таңда 10 000 ға жуық данасы отырғызылды.