КЕЗЕКТІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң талаптарының сақталуы бойынша құрылған мониторингтік топ жоспарға сәйкес нысандарды аралады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қаламыздағы сыртқы жарнаманың, көрнекі ақпараттардың мәтіні көбінесе осы заң талаптарына сәйкес келе бермейді. Осы тұста көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тіл сауаттылығын қадағалау және реттеу, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімдеуге жергілікті атқарушы органдар әдістемелік көмек көрсетілуде. Осы орайда, Әл-Фараби ауданына қарасты этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптарға кәсіпкерлік нысандарға ҚР «Тіл туралы» заңы талаптарын сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш мониторингтік топ тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізді.
Мониторингтік жұмыстар Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет, тілдер дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлерімен бірлесе Береке, Химфарм шағынаудандары және «Қазына» сауда үйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, 54-ке жуық кәсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпараттық мәтіні заңға сәйкес еместігі анықталып, кемшіліктерді шұғыл жою туралы ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21 бабы түсіндіріліп, заң талаптарын сақталуы жөніндегі парақшалар таратылды.
Оның ішінде 10 кәсіпкерлік нысан анықталған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтірілді. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.