ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

87
0

Шымкент қаласына жуырда қосылған елді мекендер мен шағынаудандардың мәселесі түпкілікті шешілген жоқ. Осы олқылықтарды жою мақсатында бүгінде бірқатар кешенді жұмыстар қолға алынып, атқарылып келеді. Мәселен, ішкі орамдық көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. инженерлік инфрақұрылым да тартылуда. Ал бүгінгі материалымызға құрылыс жұмыстары аяқталған нысан себеп болып отыр. Тарқата баяндайық…

Бүгінгі таңда Абай ауданы аумағындағы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелері орташа жөндеуден өтті. Жөндеуден өткен Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай және № 1,2,3,4 (тұйық) көшелерінің жалпы ұзындығы 2,06 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде тегістеу, нығыздау жұмыстары жүргізіліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді. Қаламыздың ішкі орам көшелерін орташа жөндеуден өткізу ағымдағы жылы басты назарда. Басқарманың мәліметінше, бекітілген жоспарға сәйкес 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы биыл Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр. Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді. МЖК ш/а Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная). 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі. Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар. Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі. 195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелер. Самал-2 ш/а Жабай ата мен Мейірбеков көшесі. Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін. Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.