ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС КӨП
Шымкентте 2022 жылы қыркүйек айына 23 200 орынға арналған 33 мектеп пайдалануға тапсырылды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қалада сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектептің құрылысы жоспарланған. 2021 жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға берілсе, 2022 жылы қыркүйек айына 23 200 орынға арналған 33 мектеп пайдалануға тапсырылған. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-тен 4-ке төмендеді отыр.
Одан бөлек, 5 білім беру ұйымына яғни 3 мектеп, 1 балалар үйі, 1 арнайы мектеп-интернатына күрделі жөндеу жүргізуге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда 4 мекемеде аяқталып, 1 мекемеде яғни №3 Балалар үйі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру ұйымдарына арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері 100% орнатылып, ғимараттардың кіреберістері 100% турникетпен қамтылған. Және мектептерде 100% дабыл батырмалары орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Сонымен қатар, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен 100% келісім-шарт түзілген.
2022-2023 оқу жылына оқулықтар және көркем әдебиеттерді сатып алу және оны тасымалдауға жергілікті бюджеттен – 1 658,6 млн.теңге қаржы бөлінді, 15 баспамен келісім-шарт түзіліп оқулықтар мерзімінде тасымалданып білім беру мекемелеріне жеткізілді.
2022 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 2 556,9 млн.теңге қаржы қаралып, жалпы 372 кабинет (12-химия, 26-физика, 10-биология, 10-STEM, 49-АӘД, 121-медиация, 122-логопед, 22-робототехника) кабинеттерін және 610 дана жабдықталған интерактивті панельдер орнатылды. Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі екі жылда 38%-дан 72,0% артып отыр.