ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛЕДІ
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қала аумағында орналасқан авто газ құю бекеттерінде өрт және жарылыс қаупінің болуын алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізеді,-деп хабарлайды uakit.kz.
Түсіндіру жұмыстары кезінде авто газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарын толтыруға жол берілмеуі қатаң ескертіледі.
Сонымен қатар басқарма инженерлері автокөліктерге жанар-жағармай құю бекеттерінде (АЖС) де өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Атап айтқанда, автокөліктерге жанар-жағар май құю бекеттерін пайдалану, сондай-ақ жөндеу және регламенттелген жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын пысықтайды.
Айта кетейік, автокөліктерге жанар-жағармай құю бекеттерін пайдалану онда жұмыс істейтін штаттық қызметкерлер саны әдетте, екі адамнан кем болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өрт қаупі бар жағдайлар туғанда төмендегі талаптардың қамтамасыз етілуі түсіндіріледі:
– өрт қаупі бар жағдайлар болғанда техникалық жүйенің электр қорегін сөндіру (аварияға және өртке қарсы қорғаныстың электр жүйесінен басқа), бекеттің жұмыс істеуін тоқтату және оның аумағын көліктерден, адамдардан босату, сонымен бір мезгілде өрт қауіпті жағдайды жою;
– 4 м 2 кіші алаңда отын төгілген кезде тез арада отын ағып жатқан орынды бекітіп, қауіпті жағдайды жоюға кірісу;
– 4 м 2 үлкен алаңда отын төгілген кезде тез арада барлық алаңға ауа-механикалық көбікті төгу, төгілген көбіктің қабатын отын апаттық резервуарға толық құйылып болғанша 0,05 м кем емес қалыңдықта ұстап тұру;
– автоцистернаға (бұдан әрі — АЦ) жақын жерде отын төгілгенде АЦ қозғалтқышын өшіру және оны АЖС аумағынан (егер бұл адамдар өміріне қауіп төндірмейтін болса) тек төгілген отын жаңа бастағанда немесе өрт қаупін жою үшін төгілген отын үстіне себілген ластанған құм алынғаннан кейін барып жүзеге асырылады. Отын АЦ маңынан алысырақ төгілсе, бензин төгілген жерден кем дегенде 6 м және дизельдік отын төгілген жерден 3 м қашықтықтан айналып, АЖС аумағынан тезірек алынуы қажет;
– АЦ жабдықтары жанғанда сөндіру үшін әрқайсысы көлемі 50 л кем емес ұнтақты өрт сөндіргіш көмегімен өрт сөндіруге, ал отын жанғанда әрқайсысы көлемі 100 л кем емес ауа-көбіктік өрт сөндіргіштермен кірісу қажет;
– АЖС өрт шыққан жағдайда тез арада өртке қарсы қызметке хабарлап, сонымен бір уақытта аумақты келушілер мен көліктерден босату шараларын қабылдау және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіруге кірісу қажет.
– АЖС барлық жұмысшылары және АЦ жүргізушілері өртке қарсы нұсқаулықтан (алғашқы және екінші және өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар) тұратын арнайы өртке қарсы дайындықтан өтулері керек.
– АЖС аумағы тегiстелген және көрiктендiрiлген болуы, әрдайым жанғыш қоқыстардан және төгілген мұнай өнімдерінен таза болуы қажет.
– Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы бөліктерді әр түрлі заттар мен материалдар қоятын орын ретінде пайдалануға, көлікті құралдарын орналастыруға болмайды.
– АЖС аумағындағы көліктер қозғалысы бір жақты болуы қажет. Бұған арналған жеке кіру және шығу жолдары болуы қажет.
– АЖС аумағына кiрер жерде оның аумағы бойынша көлік қозғалысы көрсетілген кесте және талаптар ілінетін стенд, жүргізушілер мен жолаушылар үшін регламенттеуші қауіпсіздік шаралары iлiнуi қажет.
– АЖС аумағы бойынша өтетін өткелдер, су көздеріне барар подъездер мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына барар жолдар үнемі бос болуы қажет. Ал қысқы уақытта қардан тазартылып тұруы керек.
– Сүртуге пайдаланылған материалдарды және мұнай өнiмдерi сiңген құмды жинау үшiн тиiстi жазуы бар, ұшқын қауiпсiз етiп орындалған, қақпағы тығыз жабылатын металды жәшiктер орнату қажет. Жәшiктер ашық ауада қоқыс жинайтын аумақтарда орнатылуы тиiс. Мұнай өнiмдерiмен сiңiрiлген құм салынған жәшiктер АЖС аумағынан кемінде аптасына бір рет шығарылып тасталуы тиiс.
– АЖС аумағында темекi шегуге тыйым салынады. АЖС жүргiзушiлерге және жолаушыларға қызмет көрсететiн ғимараттар мен бөлмелерде темекi шегу үшiн арнайы жабдықталған орындар бөлiнуi мүмкiн.
– АЖС барлық бөлмелерінің кіретін есіктерінде, сондай-ақ сыртқы құрылғыларда:
— жарылыс және өрт қауiптiлiгi бойынша бөлмелердiң санаты;
— ЭҚЕ бойынша жарылыс немесе өрт шығу қаупi бар аймақтардың класы;
— өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлғаның аты-жөні, тегі;
— өртке қарсы қызметiн шақыру телефондарының номерлерi көрсетілген жазулар ілінуі тиіс.
–АЖС үшін көрінетін жерлерге:
— өрт қауiпсiздiгi шаралары жөнiндегi нұсқаулар;
— бөлмелер, эвакуациялық есіктер, өрт сөндіру құралдары мен дабылының орналасқан жері көрсетілген ғимарат жоспарлары ілінуі тиіс.
–АЖС аумағынан жанып жатқан көлік құралдарын шұғыл түрде көшiруге арналған ұзындығы кемінде 3 м болатын қатты сүйрейтiн (буксирлiк) штангамен АЖС жабдықталуы қажет.
–АЖС қатарында темекі шегуге және ашық отты пайдалануға, жолаушылар көлігінің қозғалысының реттеуші белгілері бар өрт қауiпсiздiгі және жол белгiлерiмен қамтамасыз етілуі керек.
–АЖС аумағында оның тұлғалары үшін мынадай қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды (бөлмелерді) орналастыруға болады: операторлық, әкімшілік, тамақ ішу орындарын, күзету қызметін, сондай-ақ санитарлық тораптар, арнайы киімге арналған қоймалар, құрал-саймандар, қосалқы бөлшектер, аспаптар мен жабдықтар. Бұлармен қоса, жолаушыларға, жүргізушілерге және олардың көліктеріне жер асты резервуарлы сервистік қызмет көрсететін ғимараттар (орындар) орналастыруға болады.
Жолаушылар мен жүргізушілерге сервистік қызмет көрсетуге бөлінген орындарда тауары сәйкес келетін дүкен, кафе және санитарлық тораптарды, көлік құралдарын сервистік қызмет көрсетуге арналған ТҚК бекеттерін және көлік жуу орындарын орналастыруға болады.
–Бір ғимаратқа:
— көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету ғимараты мен жолаушылар мен жүргізушілерге сервистік қызмет көрсететін ғимаратты;
— тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар сату қарастырылған дүкен ғимараты мен қоғамдық тамақтану ғимаратын біріктіруге болмайды.
–АЖС ғимараты, орталық жылу жүйесімен жабдықталуы қажет.
АЖС бөлмелерінде өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін зауытта дайындалған майлы электрлік жылытқыштарды жанғыш құрылымдар мен материалдарға дейінгі тиісті арақашықты сақтай отырып, орнатуға болады. Жылытқыш құралдар мен түрлі құбыр өткізгіштерге жанғыш материалдарды (арнайы киімдерді, сүрткіш материалдарды) жинауға, сондай-ақ жылытқыш құралдарда киімдер мен аяқ-киімдерді кептіруге жол берілмейді.
АЖС ғимараттарының аумағында ашық отты пайдалана отырып, жылу беру қондырғылары мен құрылғыларды қолдануға жол берілмейді.
–Қызмет көрсетуші тұлғалардың арнайы киімдері металл шкафтарда ілулі күйде сақталуы тиіс.
–АЖС оттың бұдан әрі ұшқындауына мүмкіндік беретін егістік немесе далалық алқаптарға жақын орналасқан жағдайда алқап пен АЖС шегінде ені кемінде 4 метр болатын айдау жұмысы жүргізілуі қажет.