ЗАҢ ӨКІЛДЕРІ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ

Шымкентте Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес «ЗАҢ КЕРУЕНІ» республикалық акциясы өз жалғасын тауып келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы аясында Әл-Фараби ауданы прокуратурасының басшысы, Әл-Фараби ауданының әкімі, «AMANAT» партиясы, қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясының, халықты жұмыспен қамту орталығының, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерінің қатысуымен алкогольсіз сусындар өндіретін «ЗБН ВИЗИТ» ЖШС зауытының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Жалпы аталған өндіріс орында еңбек шарты бойынша 180 адам жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ дәл осындай ұжымы бар “Гауhар” тігін фабрикасының еңбек жұмыс күшімен кездесу өтті. Тігін фабрикасы бүгінде 250 адаммен еңбек шартын жасасып, жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктерді беріп отыр.
Аталмыш ұжымдармен кездесу барысында топ өкілдері еңбек және санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, жалақының уақытылы әрі толық төленуіне байланысты талаптардың сақталу жағдайымен танысып, оларға еңбек заңмаларының сақталуы бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында еңбек ұжымына еңбек және басқа да әлеуметтік сұрақтар бойынша прокуратура мен құзырлы органдарға кез-келген уақытта жүгінуге болатындығы түсіндірілді.
Айта кету керек, ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің түпкір-түпкірінде өтіп жатқан «Заң керуені» акциясының негізігі мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеті арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту. Республикалық акциясы аясында құқықтық қызмет көрсету барысында өзекті мәселелердің шешімі бойынша заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар алуға болады.