САРЫАҒАШТА ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН АЛУ ҮШІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЕМТИХАНДЫ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ

60
0

Түркістан облысының тұрғындары 2022 жылдың 2 желтоқсанынан бастап практикалық емтиханды мамандандырылған ХҚО-да тапсыра алады.

Автодромда емтиханды үш санат бойынша тапсыруға болады: B, C1, D1. Емтиханды дүйсенбі – жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Сарыағаш қаласы, Телемұнара шағын ауданы, Екінші көшесі, 2 мекенжайы бойынша тапсыруға болады. Сенбі және жексенбі демалыс. Теориялық емтиханды Сарыағаш және Түркістан қалаларында қол жетімді.
Автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметтерін Kaspi және Halyk Homebank қосымшалары арқылы онлайн рәсімдеуге болатынын еске саламыз.