БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЫНША КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

93
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін іске асыру аясында «Қолжетімді спорт» жобасы әзірленді. Бағдарламалық құжатта Президент дене шынықтыруды дамытуға ерекше назар аударып, бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасы жұмысын Шымкент қаласында іске қосты. Жоба қаладағы 4 саябақта яғни «Орталық», «Жеңіс», «Металлургшілер» және «Абай» саябағында іске асырылуда. Жоба аясында 12 жаттықтырушы қызмет етеді. Бүгінде олар скандинавиялық жүріс, үстел теннисі, каратэ және фитнес спортымен қала тұрғындарына жаттығу жұмыстарын жүргізуде. «Қолжетімді спорт» жобасы аясында қала аумағында бірқатар спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді. Солардың бірі — «Tartyl fest» спорт фестивалі. Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді. «Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты. Сонымен қатар, сайысқа зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да қатысты. Сондай-ақ, жоба аясында «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі де ұйымдастырылды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі «Спорт күні» мерекесінде қарасаңында «Орталық» саябақта өтті. Іс-шараға Алматы, Қонаев, Тараз, Түркістан қалаларының тұрғындары келіп, жалпы саны 357 адам тіркеліп, өз бақтарын сынады. Жоба шеңберінде Шымкентте «Shymkent Marathon» бұқаралық-спорттық іс-шарасы кең көлемде өтті. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан елдерінен келген және Шымкент қаласының тұрғындар, әуесқой спортшылар да қатысты. Шымкентте биыл 5-ші рет өткен жүгіру марафоны рекорд орнатты. Оған 5 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде 6 жастағы баладан, 76 жастағы қарияға қатысқан. Олар 5, 10, 21, 42, скандинавиялық жүріс бойынша бірнеше қашықтықта бақтарын сынады.