СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

145
0

Спорттық секцияларды жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі өз нәтижесін беруде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысы аясында Шымкент қаласында 2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы бағытталып, спорттық секцияға 14 000 баланы немесе 4 — 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 16%-ын қамту жоспарланған болатын. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жалпы саны 14 230 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. Бүгінде жасөспірімдер түрлі спорт секцияларымен тұрақыты айналысуда. Осы жоба аясында 264 жаттықтырушы және 150-ге жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілді.
2022 жылдың 9 айында қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 491 алтын, 454 күміс, 470 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында қала спортшылары 59 алтын, 34 күміс және 52 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 31 алтын, 20 күміс және 18 қола медальға ие болды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 3 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 38 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 216 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 324 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 416, жастар құрамасына 268, жасөспірімдер құрамасына 201 спортшымыз енген.
Жалпы өңірімізде спорт саласы айрықша қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгінде шымкенттік спортшылар ел чемпионаттары мен халықаралық деңгейде өтетін додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп келе жатыр. Мұның өзі атқарылған жемісті жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Аталған салаға алдағы уақытта да баса назар аударыла бермек. Демек саладағы жеңісті жол да әрі қарай жалғасып, ел қоржынына түсер алтын медальдар көбейе береді.