ҚАЛА ӘКІМІ «БАЯН СҰЛУ» ТҰРҒЫН ҮЙ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

98
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше тұрғын үй нысандарын аралады. Солардың бірі Тұран мөлтекауданында орналасқан 5 қабатты «Баян Сулу» тұрғын үй кешені.
Кешенде жалпы аумағы 45 391 шаршы метрді құрайтын 19 тұрғын үй бар. Құрылыс жұмыстары биыл басталған. Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс жұмысына жауапты мердігерлермен кездесіп, нысанның сапасы мен онда жүріп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарын талқылады және жұмыс барысын қадағалауды тапсырды. Құрылысқа қатысты мәселеде әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.