ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АУМАҒЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан “City Otau” тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын аралады.
Барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Айта кетейік, үйлердің құрылысы 2021 жылы басталды. Аумағы 1,1925 гектарды құрайды. Аталған аймақта биыл 12 600 шаршы метр тұрғын үй салынып жатса, 2023 жылы тағы 36 080 шаршы метрді құрайтын баспаналар тұрғызылады деп жоспарлануда. Шаһар басшысы нысанды аралау барысында қала әкімдігі тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар басқарма басшылығына инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жүргізу бойынша тапсырмалар берді.