111 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ТАПСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

30
0

Тұрғын үй құрылысы – елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қолжетімді және сапалы баспана азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, халықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазақстанда тұрғын үй құрылысы мемлекет басымдықтарының бірі болып табылады. Елде әртүрлі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып, халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Сапалы тұрғын үй халықтың физикалық және психологиялық саулығы үшін маңызды. Тұрғын үй құрылысы тек құрылыс саласын ғана емес, сонымен қатар, өндіріс, көлік, сауда сияқты басқа да салаларды дамытады. Қолжетімді тұрғын үй азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырып, әлеуметтік шиеленістерді азайтады. Қазіргі таңда Қазақстанда тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүзеге асырылуда. Мемлекет халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін бірқатар бағдарламалар мен шараларды қолға алған. Бұл ғана емес, Қазақстанда тұрғын үй құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асырылуда. Жеке құрылыс компаниялары мемлекеттік бағдарламалар аясында баспаналар салып, мемлекетпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Құрылыс саласында экологиялық таза және энергия үнемдейтін технологиялар енгізілуде. Бұл тек құрылыс сапасын арттырып қана қоймай, тұрғын үйдің пайдалану шығындарын азайтады. Құрылыс тек ірі қалаларда ғана емес, ауылдық аймақтарда да қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Мемлекет тұрғындардың баспанаға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жүйелі жұмыс атқаруда. Қолжетімді және сапалы баспана халықтың әл-ауқаты мен елдің тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады. Тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтай отырып, оның сапасы мен қолжетімділігін арттыру – алдағы жылдардың басты міндеті. Осы орайда, биылғы жылы Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 163,07 млрд. тенгеге 114 жоба немесе 146 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 35 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Енді соларды нақтырақ айтар болсақ,  96 көпқабатты тұрғын үйдің  66 тапсырылады, яғни  5046 пәтердің  2 670 пәтері беріледі. Оның кредиттік пәтер — 64, арендалық — 2. Биылғы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр)  2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Ал, 187,8 мың шаршы метр құрайтын 2376 пәтерлі 30 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-9 үй, Бозарық ш/а – 5 үй, Тұран 23 орам – 16 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 38,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда, 1180 пәтер сатып алынды. Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 604, халықтың әлеуметтік осал топтарына 576 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, Ақжайық-9, Тұран-87) жобалау-сметалық құжаты  әзірленуде. Айта кету керек, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС — қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй — коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді. 2023 жылы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не қала бюджетінен жалпы 1,041   теңге бөлініп, қала аумағында орналасқан 16 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  2023 жылдың екінші жарты жылдығында жалпы мүлік иелеріне пайдалануға берілді. 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 79 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп және жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар, 1-кезеңде қала аумағындағы 11 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 1 139 993   теңге  қаржы қаралды. Қазіргі таңда, 11 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-фараби ауданы-7, Тұран ауданы-2, Еңбекші ауданында-2 тұрғын үй) жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы үйлерден қаржы үнемделген жағдайда тағыда 5 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қала аумағындағы тозығы жеткен 24 жедел саты  бойынша арнайы сараптама өткізіліп, оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда, осы жедел сатыны орнату үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 367 200   теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда, 24 жедел сатысын   ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. (Әл-фараби ауданы-6 тұрғын үй 12 лифт, Тұран ауданы-5 үй 10 лифт. Еңбекші ауданында-1 үй 1 лифт, Қаратау 1 үй 1 лифт, ). Қаржы үнемделген жағдайда тағыда 3 көпқабатты тұрғын үйдің 3 жеделсатысын ауыстыру жоспарлануда. Айта кету керек, Шымкент қаласы соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26%-ға артып, 724,3 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,6%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,4%-ға артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға, инвестиция 14%-ға, құрылыс жұмыстары 22%-ға, жалпы сауда 16,3%-ға, көлік қызметі 30,2%-ға өсті.  Қала инфрақұрылымын дамыту мақсатында 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтылып, нәтижесінде 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға артты. 2024 жылы қаланың ауыз сумен қамтылмаған қалған елді мекендерін толық ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Электр жүйесі бойынша 81 елді мекен толық әрі сапалы электр қуатымен қамтылған. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті. 2024 жылы 4 елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарланған. Табиғи газбен қамту бойынша 54 елді мекен толық, 24 елді мекен жартылай қамтылған. Қазіргі таңда табиғи газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрайды. 2024-2025 жылдары бұл көрсеткішті 97,4%-ға жеткізу жоспарлануда. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй және 464 бюджеттік мекеме тұрақты жылумен қамтамасыз етілді. 2024-2025 жылдары жылу жүйелерін үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында 30 км жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Шымкент қаласының өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 1 617 бірлікті құрады, оның ішінде 14-і ірі, 39-ы орта және 1 564-і шағын кәсіпорын. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары биылғы қаңтар-тамыз айларында 621,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өнеркәсіптік өндіріс индексі 103,0%-ды құрады. Қала аумағында жалпы аумағы 1276 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Аймақтарда 646 млрд теңге сомасына 430 жоба іске асырылып отыр. Бүгінгі таңда жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 8,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 293 жоба іске асырылды. Ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылы 86,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Бүгінгі таңда, 8 айдың қорытындысына сәйкес, жалпы 66,0 мың тонна өнім жиналды. Атап айтқанда: дәнді дақылдар – 16,1 мың тонна, майлы дақылдар – 2,3 мың тонна, мал азықтық – 17,8 мың тонна, көкөніс пен бақша – 26,4 мың тонна, картоп – 3,4 мың тонна. Әлеуметтік қолдау шаралары бойынша Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 93 407, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 2, тыл еңбеккерлері – 1 767. Жалпы көпбалалы аналар саны – 64 605, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналар саны – 13 370-ге жетті. Сонымен қатар 4 не 5 баласы бар 51 535 көпбалалы ана тіркелген. Бұл көрсеткіштер Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамиканың қалыптасқанын көрсетеді. Қала инфрақұрылымын дамыту, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қолдау, әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.