КӨЛІК ТҮТІНІ КӨККЕ ҰШТЫ
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне өрт оқиғасы туралы хабарлама келіп түседі. Хабарламада «Жаңа қала» мөлтекауданында жеңіл автокөліктің жанып жатқаны айтылады.
Көлік күлге айналып кетпес үшін қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына жедел жетеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барған кезде Daewoo Nexia маркалы жеңіл автокөліктің толығымен қызыл жалынның құрсауына кеткенін анықтайды. Бірақ оқиғадан зардап шеккендер болмады.