ҚАУІП ҚАТТАЛЫП ЖИНАЛҒАН ҚОРАПТАРДЫҢ ЖАНУЫНАН БОЛҒАН

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде сағат 18:13-те Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері қаладағы П. Ахметов көшесіндегі үйлердің бірінде қораның жанып жатқаны туралы хабарламаны қабылдайды.

Осы хабарламаға сәйкес №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері өрт сөндіру автокөліктерімен оқиға орнына сағат 18:22-де жетеді.  Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің ауласында көлемі 15х4 қораның ішінде қатталып жиналған қораптардың (коробка) бықсып жанғанын анықтайды. Оқиғадан зардап шеккендер болмайды.

Дәл осыған ұқсас хабарлама келесі күні яғни, 12 шілдеде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне түседі. Хабарламада Сабырханов көшесі бойындағы үйлердің бірінде сарайдың жанып жатқаны айтылады. Өртті ауыздықтау үшін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен жедел жетеді. Өрт сөндірушілер хабарламада көрсетілген мекенжайға жеткен кезде үй ауласындағы қораның ішінде қоқыс қалдықтары мен тұрмыстық ескі заттардың түтеп, жанғанын анықтайды. Абырой болғанда оқиға өртке ұласпаған.