ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҮЙ ІШІНДЕ ҚАЛЫП ҚОЙҒАН БАЛАЛАРДЫ ШЫҒАРЫП АЛДЫ

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде түнгі  сағат 00:20 минутта Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бөліміне І мөлтекаудандағы пәтерлердің бірінде 4 және 10 жастағы балалардың қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түседі.

Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына жедел жетеді.

Тиісінше үй ішінен 2012 және 2018 жылы туылған балалар шығарылады. Аталған оқиғадан зардап шеккендер болмайды.

Бұл оқиғадан алдын, яғни, 17 тамызда №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары «Жаңа қала» мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде қалып қойған 4 жасар баланы есікті арнайы құрылғының көмегімен бұзу арқылы шығарып алған.