ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН ҚОРАДАҒЫ ҚОЙЛАРҒА ЛАП БЕРДІ

Осы жылдың 24 тамызында   Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Дулыға батыр көшесіндегі үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Хабарлама бойынша №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары оқиға орнына 11 минутта дәлірегі таңғы сағат  07:21-де жетіп, қажетті құтқару жұмыстарын жүргізеді.

Оқиға салдарынан тұрғын үй ауласындағы қора өртенеді. Қызыл жалыннан қорадағы 4 қой жанған.