2022 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН 193 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРҒАН
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2022 жылы Шымкент қаласынан 193 отбасы 697 мүшесі қоныс аударды. Жұмыс күші тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті азаматтарды тартуды көздеген бағдарлама қатысушысының бірі — Айгерім Дошаманова. Шымкент қаласының тұрғыны өткен жылы Павлодар облысының Луганск қаласына қоныс аударған. Оның айтуынша орналасқан тұрғылықты жер және жұмыс орны көңілінен шығады.
«Отбасымда екі балам және анаммен бірге көштік. Мемлекет тарапынан берілген қаржылай көмек есебінен тұрғын үй алдық. Қазіргі таңда аспаз болып жұмыс істеп жатырмын. Мұнда жұмыс табудан қиындық болмайды. Ал, балаларым үйіміздің қасындағы мектепке барып жүр», — дейді қоныс аударушы.
Былтыр Шымкент қаласынан көшкен 697 адамның 319 -ы жұмысқа қабілетті болса, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 267 адам, 11 адам өз кәсібін ашса, қалған 419 адам үй шаруасындағылар, зейнеткерлер мен балалар.
Айта кетейік, қоныс аударушыларды қабылдап жатқан аймақтарға – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды мен Абай облысы кіреді. Мұнда өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер телімдері, бос тұрған ғимараттар ұсынылуда. Қоныс аударған азаматтар көшіп-қонуға байланысты мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектермен (қаржылай көмектер) қамтамасыз етілуде.