ҚАЛА ӘКІМІ НҰРСӘТ ШАҒЫНАУДАНЫН САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

77
0
Нұрсәт шағынауданында ескі жарық жүйелері жаңартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі электр желілерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын қадағалады.
Осыған дейін қуаттылығы 10 кВ 2 дана электр тарату бекетінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Қазір мұнда тарату бекетінен шығатын 10 кВ кабель желісін салу, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы бригадалар тұрғын үйлерді жаңа желіге ауыстыруда. Шағынауданды сапалы жарықпен қамту жұмыстарына 30 адам 5 техника жұмылдырылған. «Құрылыс кезінде болатын уақытша қолайсыздықтар туралы жергілікті тұрғындарды алдын ала ескертуді ұйымдастырыңыздар. Жұмыстарды маусым айына дейін аяқтау қажет» — деді қала әкімі. Соңғы талаптарға сай жер астымен жүргізіліп жатқан 36 шақырымдық электр желілері толықтай іске қосылғанда шағынаудандағы 12 мыңнан астам абонент сапалы жарыққа қол жетізеді. Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, өндірістік кестеге сай атқаруды тапсырды.
Айта кету керек, 2022 жылы қаладағы 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.
Осыған орай, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022 жылы 13 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Олар: Батыс, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Туран 1-2, Сауле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші (жаңақұрылыстар), Бозарық-74 га, Нұрсәт, Туркестан. 2022 жылдың қорытындысымен Солтүстік саяжай, Туран 2-кезек, Сәуле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші ауданына қарасты жаңақұрылыс аумақтары, Бозарық-74 га аумағын сапалы электрмен қамту құрылыс жұмыстарын аяқталып, 66 мыңнан астам адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан, 98%-ға өсті.
Құрылысы өтпелі 5 нысанның (Батыс, Қайнарбұлақ, Туран 1 кезек, Нұрсәт, Туркестан) құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, қала тұрғындарын сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы елді мекендерді 100 %-ға жеткізу жоспарлануда.