«ІСКЕР ҚАЛА»: КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ 75 % МЕМЛЕКЕТТЕН ТӨЛЕНЕДІ

68
0
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов өнеркәсіптік парктерді аралап, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
SILKWAY ALLIANCE паркінде бүгінде 6 кәсіпорын шоғырланған. Мұндағы өндіріс ошақтары тұрмыстық химия, трансформаторлық жиһаздар мен полиэфирлі шайырдан жасалған бұйымдар өндірумен айналысады. Мұрат Дүйсенбекұлы өндіріс ошағын аралап, кәсіпкерлердің талап-тілектерін тыңдады. Түрлі бағытта іске қосылған зауыт-фарбрикаларда қазір 50-ден астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорындар жылына 76 млн теңгенің салығын төлеуде. Бұл жалдау шығынынан 6,5 есеге артық. Қала әкімі Қайнар май өнеркәсіптік саябағында орналасқан 5 кәсіпорынның жұмысымен де танысты. Мұндағы өндіріс ошақтары құрылыс индустриясына арналған ВР-торларды, тамақ өнімдерін, тұрмыстық химия шығарып, шойын мен болат құю өндірісімен айналысуда. Цехтарда қазір 30 адам жұмыс істейді. Бүгінде өндіріс орындары жылына 12 млн теңге салық төлеуде. Алдағы уақытта парк аумағы 2 мың шаршы метрге ұлғайып, мұнда жаңа жобалар іске қосылады. Қазіргі таңда кәсіпорындардың жалдау ақысының 75%-ы «Іскер Қала» іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттен төленуде. Өндіріс ошақтарының жұмысын бақылаған кала әкімі импорт алмастыруда жобалардың тиімділігін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға инфрақұрылым сапасын жақсартып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды.
Айта кету керек, «Іскер қала» бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктері — шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелендіру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру. Өткен жылы 94 жобаға қолдау көрсетілді. Тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру бағыты бойынша қаламызда бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғаш «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды (аймақтың алаңы – 4,4 га, өндірістік алаңдарының аумағы – 3,5 мың ш.м. толық инфрақұрылыммен қамтылған). «SILKWAY ALLIANCE» ЖШС өндірістік алаңы толуына байланысты «Қайнар май» ЖШС кәсіпорынның аумағында жаңа өндірістік алаңы да іске қосылды. Аумағы — 2,38 га, өндірістік алаңның көлемі – 3 438,4 ш.м.