ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
«Салауатты өмір салты- дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты» деген Президент бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екенін айтқан болатын. Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірше жобалар іске асырылып келеді. Әсіресе, осыдан 3 жыл бұрын республикада алғаш болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірігей жобаны бастаған болатын. Жыл сайын оқушылардың қызығушылығы артып, лига ауқымы артуда. Биыл 151 мектептен 500-ден астам командалар жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Қаламызда спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы (демеуші есебінен), «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. «Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін бюджет есебінен ауысымына 250 баланы қабылдайтын 2 спорт ғимараты және жеке кәсіпкер есебінен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады»- деді, Орталық Коммуникациялар Қызметі арнайы баспасөз мәслихатында «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» жөнінде жасаған баяндамасында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Биылғы жылы спорттық үйірмелерді жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 19 мыңнан астам бала қамтамасыз етілді. Айта кетейік, үшінші мегаполистте бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Қазіргі таңда шаһарда статистикалық есеп бойынша 1077 спорттық нысан тіркелген (оның ішінде, дене шынықтыру және спорттық мәндегі – 521, білім мекемелерінде – 503, спорт мекемелерінде – 53). Жалпы 1077 спорт нысанның 150-і жеке меншікте. Биылғы жылдың 1 тоқсанында шаһарда «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін қосымша 4 спорт кешенінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне тапсырылмақ. Олар – «Металлург» стадионы, №12 спорт мектебінің қосымша корпусы, №20 спорт мектебінің спорт кешені және «SPORT LIFE» футбол орталығы. Шымкентте бұқаралық спортпен шұғылдануға барлық жағдай бар. Бұқаралық спортпен қамтылғандардың үлесі жылдан-жылға артып келеді.