ЕСІРТКІГЕ ЕЛІККЕННІҢ ЕРТЕҢІ БҰЛЫҢҒЫР

39
0
Еліміздің ертеңі, бойында қайраты мен жігері бар жалынды жастардың қолында. Сондықтан, жастар арасында есірткінің алдын алу және нашақорлықпен күресу үшін қоғам болып, жұмыла кірісу қажет.
Осы мақсатта, бүгін жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесе отырып, профилактикалық жұмыстар атқарылды. Яғни, жауаптылар, «Rahima Plaza» сауда орталығында есірткі заттарын насихаттау, жарнамалаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұнда, сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген және есірткі заттарына қызығушылығын арттыратын жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғаны ескертілді. Сондай-ақ, ол үшін заңға сәйкес жауапкершілік бар екені түсіндірілді. Бұдан бөлек кәсіпкерлерге жадынамалық парақшалар таратылды. Айта кетейік, жуырда Шымкент қаласында «Мейірім-жүректен» акциясы аясында жасөспірімдерге профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы жасөспірімдердің арасындағы қылмыстың көбеюі балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмауынан туып отыр. Зерттеулерге жүгінетін болсақ сотталғанға дейін жасөспірімдердің бірнеше қылмыс жасайтыны белгілі. Жасөспірімдер арасында меншікке қол сұғу қылмысы да жиі жасалады. Сол себепті қылмыстың алдын алу аясында «Мейірім-жүректен» атты айлық акциясын өткізіп, 150 мектеп пен 38 колледжде 70 мыңнан астам оқушыға прокуратура қызметкерлері бағыт-бағдар беріп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, қала прокуратурасы бұл проблеманы 25 мамырда Үйлестіру кеңесінде талқылады. Құқық қорғау мен тиісті уәкілетті органға жұмысты жандандыру тапсырылды. Алайда бұл проблеманы ата-ананың қатысуынсыз біржақты шешу қиын болып отыр. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керек. Әрбір отбасында ата – ана өсіп келе жатқан жасөспіріммен жақын сөйлесіп, оны мазалаған ойларын біліп, оның айналасындағы достары туралы хабардар болып, оның проблемаларын шешуге көмектесіуі керек. Осы жағдайларда жасөспірімдермен жасалатын қылмыстардың алдын – алуға болады.