ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

52
0
Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын модернизациялау бағдарламасы бойынша жыл сайын тұрғындардың келісімімен көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтеді. Көп қабатты тұрғын үйлерді кұрделі жөндеу ҚР Үкіметінің Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қолданылады.
Тұрғын үй қорын модернизация бағдарламасының мақсаты – Шымкент қаласындағы авариялық тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету. Сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру ортасын жаңарту және қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасау.
Сондықтан Шымкент қаласында 2022 жылы 9 үй 462 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Ал биыл 1 миллиард теңгеге 15 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның 12-сі Әл-Фараби ауданы, 3-еуі Тұран ауданы аумағында орналасқан.
Келесі жылы 40 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
2023 ЖЫЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ТІЗІМІ
1. Күншығыс шағын ауданы №11 үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
2. Күншығыс шағын ауданы №14 үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
3. Күншығыс шағын ауданы №40 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
4. №17 шағын ауданы №14 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
5. Ғ.Ілияев көшесі №113/5 түрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
6. Күншығыс шағын ауданы №1 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
7. Спорт шағын ауданы №10 тұрғын үй, пәтер саны 70, Әл-Фараби ауданы
8. Отырар шағын ауданы №13/1 тұрғын үй, пәтер саны 30, Әл-Фараби ауданы
9. Жангельдин көшесі №16 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
10. Дулати көшесі №205 тұрғын үй, пәтер саны 40, Әл-Фараби ауданы
11. Байтұрсынов көшесі №67 тұрғын үй, пәтер саны 43, Әл-Фараби ауданы
12. Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үй, пәтер саны 13, Әл-Фараби ауданы
13. Республика көшесі №36 A тұрғын үй, пәтер саны 48, Тұран ауданы
14. Республика көшесі №26 тұрғын үй, пәтер саны 43, Тұран ауданы
15. А.Асқаров көшесі №32 тұрғын үй, пәтер саны 120, Тұран ауданы