ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ — ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ӨЛШЕМІ

51
0
Бүгінде әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналды. Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйел-азаматшаларға қарым-қатынасына тығыз байланысты.
Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» өтті. Қиын жағдайға тап болған әрбір әйел азаматшаларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жанжалға тосқауыл қоюды мақсат еткен кездесуде 70-ке жуық қатысушы төбе көрсетті. Іс-шара 15 тамыз күні «Бақытты жанұя» орталығына қарасты әлеуметтік осал санаттарға жататын аналардың орталық базасында ұйымдастырылды. Кездесу барысында әйелдер кеңесінің төрайымы, полиция қызметкерлерінің кеңестері ұсынылды.
Сондай-ақ, «Бақытты жанұя» орталығында тігіншілік мамандығын меңгеріп шыққан асыл аналарымыз көрме ұйымдастырып, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Айта кету керек, шымкенттік 200-ден астам көпбалалы ана бұған дейін аз қамтамасыз етілген отбасы санаты бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығында тегін оқу курсын бітірген соң, үй жағдайында жеке кәсіптерімен айналыса бастайды. Нәтижесінде кәсіптерін дөңгелетіп, табыс табуда. Олардың ішінде 61 әйел  сұлулық салоны, тігін шеберханасы мен массаж кабинеті сынды жеке кәсіптерін ашқан.   «Бақытты жанұя» орталығында киім пішу және тігу, құрақ тігу, компьютерлік және шаштараз, SMM, маникюр-педикюр курсы мен дефектолог, логопед, балалар және ересектерге арналған массаж, кондитерлік 14 тегін оқу курстары бойынша оқытады. Соңынан сертификат беріліп, жұмыспен қамту шаралары да қарастырылған. Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізетін аталған орталық әйелдерге ақпараттық қолдау, психологиялық,  медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелулеріне көмек көрсетеді.