ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАҒЫ ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУДЕ
Шымкенттегі «Dala Construction» темірбетон өндіретін кәсіпорын жоғары сапалы темірбетон бұйым өнімдерін өндіруде, деп хабарлайды Uakit.kz.
«Dala Construction» кәсіпорын құрылыс бұйымдарын қазіргі заманауи итальяндық және испандық технологияны қолдана отырып жасайды. Заман талабына сай қолданылған технология өнім сапасын арттырып, әлемдік стандарт деңгейіне жеткізіп отыр. Бүгінгі таңда бетон мен темірбетон және одан жасалған бұйымдар тек ірі құрылыста ғана емес, сонымен қатар халық шаруашылығының барлық секторларында ғимараттар салуда да қолданылуда. Бүгінгі таңда темірбетон плиталары құрылыс саласында ең сұранысқа ие құрылыс материалдарының біріне айналып отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, құрылыста қолданылатын темірбетон плиталарының үлесі кем дегенде 30 пайызды құрайды екен. Құрылыс нысандарында плиталарды пайдалану арқылы өнімділік және уақыт тиіміділігі артады. «Dala Construction» қазіргі таңда темірбетон өнімдерінің 30 түрін ұсынуда. Онда 150 адам жұмыспен қамтылған.
Айта кету керек, жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 млрд. теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 млрд.теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба 520 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Атап айтқанда, «QazAlpack» ЖШС алюминий банкілерін өндіреді, «Dala Construction», «Цветлит» ЖШС-тері үй құрылысы комбинатын салумен айналысады, «Эко-фарм» ЖШС медициналық мақсаттағы бұйымдарын өндірсе, «Mega Smart B2B» ЖШС жиһаз шығарады, ал «Qagaz Ordasy SEZ» ЖШС жазу қағаздарын ұсынып отыр.
Сонымен қатар, жалпы аумағы 886 га құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Аталған аймақтарда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 345,8 млрд. теңге сомасына 237 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өндірістік алаңдарды құруға мемлекет тарапынан 17,8 млрд. теңге жұмсалса, осы уақытқа дейін аймақ қатысушыларынан 36 млрд. теңге салық түсті.