ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ 15 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

43
0
2023-2024 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаратау ауданындағы 447 көп қабатты тұрғын үйге «Қуат жылу орталық-3» МКК-ымен бірлесіп сығымдау шаралары атқарылуда.
Бекітілген жоспарға сәйкес сығымдау жұмыстарын қазіргі уақытта 8 мекеме жүзеге асыруда. Жалпы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлерге қызмет көрсететін бұл мекемелерден 12 арнайы бригада тартылған. Қазір аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйден 235 үйге (52,5%) сығымдау жұмыстары толық орындалды. Қалған 212 көп қабатты тұрғын үй бекітілген жоспарға сәйкес қыркүйек айының 15-іне дейін сығымдау жұмыстарынан өтетін болады. Айта кету керек, Еңбекші ауданына қарасты 283 көпқабатты тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылумен қамтылған. 2023-2024 жылдары көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмыс штабы құрылған. Сонымен қатар, «Қуат жылу орталық-3» МКК мен бірлескен іс-шаралар жопары бекітілген. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 105 (60%) көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізіліп, дайындық актісі алынды. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 6 үй тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзді, ал 7 үйдің тұрғындары сервистік компаниямен келісім-шарт түзіуде, 5 үйде сығымдау жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Аудан аумағында жалпы саны 61 әлеуметтік нысан орналасқан, оның ішінде орталық жылуға қосылған 16, автономды жылыту қазандығы бар 45 нысан бар. 10 нысанға сығымдау жұмыстары жүргізілген, 6 нысанда сығымдауға дайындық жүргізілуде. Қатты отынымен жылытатын №124 мектепке көмір түсірілді, ал № 67 мектепке бір апта көлемінде түсірілетін болады. Қатты отын қажеттілігі ағымдағы жылдың қысқы жылыту маусымында 4242 тоннаны құрайды. Аудан тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етумен «Азамат-Мұнай» ЖШС-ы (Қойкелді батыр көшесі) және ЖК «Арганат» (К.Цеткин көшесі 159) мекемелері айналысады. Қоймада – 3200 тонна қатты отын бар (бағасы – 18300 тг). Қазіргі таңда 1100 тонна (25%) көмір сатып алынды. Еңбекші ауданы бойынша жеке секторда көгілдір отынмен қамтылмаған 1212 тұрғын үй бар.