«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

72
0
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қолданысқа берілген шағын алаңшаның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы аумағы 0,70 гектарды құрайтын алаңшада футбол, баскетбол ойнауға арналған алаң және заманауи жаттығу элементтері орналасқан.
Қаратау ауданында жыл сайын бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу қажет деген тапсырма берді. «Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спортты дамыту мақсатында, материалдық базаны жақсарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Оның дәлелі ретінде бүгінгідей спорт алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі тұр. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік», — деді ашылу салтанатында Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов. Еске сала кетейік, биылғы жылы Қаратау ауданы аумағында аталған жоба аясында 12 спорт алаңдары салынбақ. Спорттық нысан құрылысы ауданның «Тұран», «Таскен», «Шапырашты», «Нұртас», «Қызылсу», «Қайтпас», «Нұрсәт» шағынаудандары мен тұрғын алаптарында бой көтеретін болады. Айта кету керек, Абай ауданы аумағында 2023 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында 18 жоба жасалатын болады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды. Жобалардың жалпы құны 497,5 млн. теңгені құрайды. Атап айтқанда, Бозарық, Самал-3, Асар, Достық, Қызылжар, Тұрлан, Нұршуақ, Алтынтөбе мөлтек аудандарында 15 әмбебап спорт алаңшасы, Асар, Достық, Қайнарбұлақ елді мекендерінде 3 спрат алаңшалары салынады. Атқарылар жұмыстар мұнымен шектелмейді. Бүгінде аудандағы мектептер саны – 29, жеке меншік — 16. Тапшылық — 7, мектеп жоқ елді мекен — 2. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда. Олар — Нұршуақ (Достық жағы) ш.а 2000 орындық мектеп, Нұршуақ (Ынтымақ жағы) ш.а 2000 орындық мектеп, Жаңатұрлан ш.а 1200 орындық мектеп. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп.  Сонымен қатар бүгінгі таңда Абай ауданына қарасты 6 мәдени нысан бар. 2023-2024 жылдар аралығында аудан аумағын тағы төрт нысанмен толықтыру жоспарланған.