СЕЛҚОСТЫҚ ӨКІНІШКЕ ҰЛАСПАСЫН ДЕСЕК…

95
0

Биыл жылыту маусымы кезеңінде газ қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары және «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ қызметкерлерімен бірлесе аудан тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары аптаның үш күнінде, яғни сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүргізілуде.

Әл-Фараби ауданы аумағы бойынша жалпы саны 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде орталық жылу жүйесіне 615 үй қосылған, 57 тұрғын үй автономды. Орталық газ жүйесіне қосылмаған 26 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 15 тамыздан бастап қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» бастау алған. Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар іске асырылуда. Бірінші кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық жұмыс. Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар барысында 5 164 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Екінші кезеңде жақханалар мен жатақхана ретінде қайта салынған үйлерде профилактикалық жұмыс. Профилактика шеңберінде пәтер тұрғындары арасында 3 862 адамды қамти отырып, газ жүйесіне қосылмаған жиырма шағын отбасылық жатақхана мен он жеті жатақхана арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал үшінші кезеңде жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Бұл ретте 33 459 адамды қамтыған 6 327 үйге барып түсіндіру жұмыстары мен 12 300 адамды қамтыған 233 жиын ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, өртке қарсы жүріс-тұрыс негіздерін білмейтін азаматтардың кінәсінен өрттердің 80%-дан астамы орын алған. Осыған байланысты, қоғамды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері мен жолдары туралы ақпараттандыру, адамдардың санасына өрт проблемасының бар-жоғын енгізу бойынша жұмыстар мақсатты түрде жүргізілуде. Ол үшін «Жатақхана», «Әр үйге қауіпсіздік», «Улы газдан сақ бол» профилактикалық акцияларының циклі, спорттық жарыстар, өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған викториналар ұйымдастырылып келеді.