ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

78
0
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан ұсынылған «Бейбітшілік және келісім» жобасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы Сайрам тұрғын алабындағы мәдениет үйінде тұрғындарды қабылдады.
Іс-шараның мақсаты – қала аумағында этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау және оларды шешудің жолдарын қарастыру. Сала басшылары мен арнайы мамандардан жасақталған топтар тұрғындар арасында: «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік», т.б. түрлі бағыттарда азаматтарды қабылдап, олардың проблемалық мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын сөз етті. Қоғамдық қабылдау жұмысына жоғарыда аталған мәселелер бойынша барлығы 35 азамат жазылып, оларға тиісті тұрғыдағы бағыт-бағдарлар берілді. Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бойынша Еңбекші ауданының №105 жалпы орта мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өтті. Жобаның мақсаты – этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау, нақтылау және оларды шешу. Әртүрлі сала мамандары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған топтар тұрғындар арасында 7 бағыт, атап айтқанда, «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» бойынша қабылдаулар жүргізді. Жоба аясында азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірге қарастыратын болады. Қабылдауға келген 42 азаматтың басым көпшілігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, жер, жол, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап тілектерін жеткізді.