БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІН ЖАҚСАРТУ ҮШІН БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯЛАР ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

43
0
Шымкентте интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде.
Елдімекендерге «Кcell» АҚ-ымен бірлесе 5G технологиясымен 60 базалық станциясы орнатылды. Қазір Көкбұлақ 96/1 аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар келесі аптада аяқталып, базалық станция іске қосылады. Алматы тас жолындағы «Сайман» сауда үйінің шатырында орналасқан станцияның жұмысы толығымен аяқталды. Аумақта тұрғындар 5G технологиясының артықшылықтарын арнайы смартфондар арқылы тегін қолдана алады. Қалалық цифрландыру басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстардың барысын жіті тексеріп, жыл соңына дейін қойылған жоспардың орындалуын жіті қадағалайды. Айта кету керек, бүгінде қаладағы шалғай елдімекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Биыл сәуір айында қалалық цифрландыру басқармасы 4 инвестормен меморандум жасасып, жыл соыңна дейін 20 шағынауданды сапалы интернетпен қамтуға келісім жүргізді. Заманауи талшықты-опитика желісінің басты ерекшелігі – интернеттің жылдамдығы. Былтыр қалада 14 елді мекен талшықты-оптика желісімен қамтылса, биыл бұл жүйені 20 елді мекенге тарту жоспарлануда. Қазіргі таңда Қайнарбұлақ, Нұршуақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2 ,Самал 1, Самал2, 112, кіші Самал, Тассай тұрғын алаптарында тиісті жұмыстар басталып кетті. Тиісті басқарма жеке инвесторлармен бірлесе жуырда Еңбекші ауданындағы «Оңтүстік» тұрғын алабын талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтыды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар. Сонымен қатар, биыл қалада мобильді байланысты жақсарту бағытында 29 тұрғын алап анықталып, қазір осы бағытта тиісті шаралар атқарылуда. Базалық станция орнату үшін қала аумағында бос жер телімдері белгіленген.