МАҚСАТ- ЖАСТАРҒА ДҰРЫС БАҒЫТ- БАҒДАР БЕРУ

58
0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Орта Азиялық Инновациялық университетінің жастары арасында нашақорлық, маскүнемдік, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мен діни танымдығын арттыру мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуге Әл-Муслим мешітінің имамы «Solih» құран жаттау қайырымдылық мекемесінің директоры Байниязов Серғали, Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат қатысып, Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Бауыржан Карбеков, Психикалық денсаулық орталығының психиатор-наркологы Қорғанбаева Қарлығаш, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Алибаев Ерғали және спортшысы Панкратион спорт түрі бойынша әлем чемпионы Қуаныш Тимур, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева қатысты. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат беріліп, дін өкілдері деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, сала мамандары өз бағыттары бойынша жастарға толыққанды ақпараттар беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға, бос уақытын тиімді пайдаланып жан-жақты дамуға шақырды. Жалпы қаламыздың барлық оқу орындарында насихат жұмыстары мен кездесулер тұрақты түрде өтетін болады. Айта кету керек, шымкенттік дәрігерлер ВИЧ-инфекциясын жұқтырмаудың жаңа әдісін қолдануда. Жаңа әдіспен дәрігерлер қауіпті топтағы азаматтарға профилактикалық емін жасап, аурудың алдын алуда. ВИЧ-инфекциясын жұқтырмау үшін қазір емдеу мекемелерінде жанасуға дейінгі профилактика қолданылады. Бұл дегеніміз – АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі бар сау адамның арнайы вирусқа қарсы препараттарды қабылдау арқылы инфекцияға қарсы тұру әдісі. Бүгінге дейін Шымкенттегі ЖИТС орталығында 100-ден аса адам аталған терапияны қабылдаған. «ДДҰ жүргізген нәтижелерде осы профилактика әдісі қолданылып, жұқтыру нәтижелері тіркелмеген. Шымкентетгі ЖИТС орталығында бұл әдіс 2021 жылы енгізілді.. Бүгінге дейін профилактика енгізілген науқастардың арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелмеген. Бұл қатынасқа дейінгі профилактикалық ең алдымен жұқтыру қаупі басым топтарға жасалады. Олар күйеуі немесе әйелінде ВИЧ инфекциясы бар жұптың серігіне, есірткі қолданатындарға, секс қызметкерлеріне, бейберекет жүретіндерге және еркекпен жыныстық қатынасқа түсетіндерге қолданылады» –дейді Шымкент қаласы ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет МАШИРОВ.