ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ — ӘЛЕМГЕ ТӨНГЕН ҚАУІП

59
0
Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Діни экстремиз — әлемге төнген қауіп» тақырыбында №49 жалпы орта мектебінің жастарымен кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Серік Беккулов пен Тұран ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Ержан Мусабеков қатысты.
Дін өкілі деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты түрлі ақпараттардың ақ-қарасын ажыратпас бұрын өзге адамдармен бөлісуге немесе жарияламауға шақырды. «Мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу мен білім беру қоғамның басты талабы. Сіздерге әліде түрлі бағыттар бойынша ақпараттық сауаттылық қажет. Себебі, қылмыстың көбі құқықтық сауаттылықтың аз болғандығынан орын алып жатады. Бұндай келеңсіз жайттардың алдын алу үшін сіздермен тұрақты түрде кездесіп, кері байланыс орнатқымыз келеміз. Естеріңізде болсын, «қылмыстың өтеуі қашанда жаза болмақ», — деді полиция инспекторы Ержан Мусабеков. Кездесу соңында тақырып аясында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, жастар тарапынан келген сауалнамаларға жауап берілді. Айта кету керек, жуырда Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Орта Азиялық Инновациялық университетінің жастары арасында нашақорлық, маскүнемдік, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мен діни танымдығын арттыру мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Әл-Муслим мешітінің имамы «Solih» құран жаттау қайырымдылық мекемесінің директоры Байниязов Серғали, Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат қатысып, Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Бауыржан Карбеков, Психикалық денсаулық орталығының психиатор-наркологы Қорғанбаева Қарлығаш, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Алибаев Ерғали және спортшысы Панкратион спорт түрі бойынша әлем чемпионы Қуаныш Тимур, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева қатысты. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат беріліп, дін өкілдері деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісті.