ОҚМПУ-ДА ЖОЛДАУ НАСИХАТТАЛДЫ

68
0
ОҚМПУ ұжымы және студент жастарымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын (2023 ж. 1 қыркүйек) түсіндіру-насихаттау бойынша іс-шара өтті.
Алқалы жиынға модераторлық жасаған ОҚМПУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Анарбаев Қ.С. «Жаңа бағдарлы жолдау» тақырыбында арнайы баяндама жасады. Іс-шараға Шымкент қалалық Ішкі саясат және Жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы — Исахов Мағжан Шыңғысұлы қатысты. Жастар жетекшісі бүгінгі күнгі жастардың арасында жиі кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешудің жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Қосалқы баяндама жасаған саясаттанушы ғалым А.Қылышбаев еліміздегі соңғы 3 жылдағы саяси реформалардың жолдаумен сабақтас тұстарына тоқталды. Жарыс сөзге шыққан белсенді студенттер өз пікірлерімен бөлісе отырып, замандастарын жолдауды терең оқып танысуға және қолдауға шақырды. Айта кету керек, Жуырда «Ауыл» Халықтық – Демократиялық Патриоттық партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының жиыны өтті. Жиынды филиал төрағасы, қала мәслихатының депутаты Қанатбек Досалиев ашып Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың ел халқына жасаған Жолдауына тоқталды.

Жиынға Саяси кеңес мүшелері мен жастар қанаты, аудан төрағалары, Партия ардагерлері мен Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты. Жолдауда Президенттің осыған дейінгі жүргізіп келе жатқан саяси бағытының жалғасы екендігі сөз болып, атқарылған қайта құрулар барысында мемлекетімізде іргелі оң өзгерістер орын алғаны айтылды. Филиал төрағасы Қанатбек Досалиев Жолдауда әлеуметтік – экономикалық реформаға басымдық берілгендігін атап өтіп, оның ауылды аймақтар мен ауылшаруашылығына қатысты тұстарын, су мәселесіне және отандық агроөнеркәсіп кешеніне байланысты тапсырмалары төңірегінде тоқталып өтті. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары білім алушыларға сапалы білім беру, білім мекемелерінде негізгі қағидаға айналу керек-деді.