ШЫМКЕНТ — ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚАЛА

57
0
Шымкентте биыл бюджет есебінен 160 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым, 43 әлеуметтік нысандар бар және жыл соңына дейін 3 072 пәтерлі 67 тұрғын үй қолданысқа беріледі. Сәуір айында Тұран шағын ауданында 54 пәтер көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Сондай-ақ нарықтан қосымша 1 405 арендалық пәтер сатып алынады. Оның 900-і жұмыс істейтін жастарға, 505-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі. Қазіргі таңда жастарға 420, ал, аз қамтылғандарға 363 пәтер алынды. Қалған 31 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі. Жыл соңына дейін 18 инфрақұрылым нысанының 12-сі пайдалануға беріледі. Қалған 6 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар осы жылы 3 450 орындық 7 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 5 нысанның құрылысы аяқталып, ел иігілігіне берілді. Тағы 1 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады. Айта кету керек, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқаттың тұрғын үй мәселесімен тікелей байланысты екенін және тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсімнің локомотиві бола алатынын айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте соңғы жылдарда арнайы бағдарламалар есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Үкімет қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде Тұран ықшам ауданында 18 үй, Бозарық мөлтек ауданында 54 үй, Ақжайық мөлтек ауданында 26 үй салынуда. Өндірістік кестеге сәйкес 67 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Оның 61-і кредиттік, 6-ы арендалық баспаналар. Бұдан бөлек, жыл қорытындысымен жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарлануда.