СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС НӘТИЖЕЛЕРІ БАЯНДАЛДЫ

1343
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар елімізде қарқынды жүріп келеді. Бүгінде еліміздің әрбір өңірінде ақпараттық-насихат жұмыстары қарқын алған. Бұл іске жауапты органдардан бөлек, жастар орталықтары, мемлекеттік қызметшілер де өз үлесін қосуда. Осы тұста, әрбір істің нақты нәтижесі болары айқын. Осы орайда, жуырда Түркістан қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Алпысбайұлы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы мәселелерін қарауды ұйымдастыру бойынша қала әкімі аппаратының жиналысында баяндады.

Әдеп жөніндегі уәкіл қала бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстарды баяндады. Өз сөзінде «Жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі — лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сарандықпен сатқындық танытуы. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Қарапайым халықтың есебінен өздерінің жекебас мүдделерін көздеу, қызмет бабын пайдаланып жемқорлыққа бару азаймай отыр. Еліміздің кез келген өңірінен сыбайлас жемқорлықпен қылмыс жасап мемлекет мүлкін талан-таражта салып немесе мемлекеттік қызметті асыра пайдалангандардың қылмысы ашылып жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бірлескен жұмыстың нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты көптеген ірі оқиғалар анықталып, біраз шенді, лауазымды азаматтар істі болды. Бүгінгі таңда жемқорлық заң бұзушылық дерек-фактілері болған жағдайда азаматтар құқық қорғау орындарына, сыбайлас жемқорлықпен күрес орталықтарына тегін call-центрлар арқылы хабарлай алатын мүмкіндіктер жасалды. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған немесе қандайда болмасын басқа әдіспен жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар материалды ынталандырылатын болды. Сондай-ақ заң бойынша, жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады» деп атап өтті Талғат Алпысбайұлы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.