СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ — САЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА ТЕЖЕУ БОЛАТЫН ӨЗЕКТІ ТҮЙТКІЛ

1550
0

Сыбайлас жемқорлық – салалардың дамуына тосқауыл болатын ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан мұнымен күрестің қоғам мен мемлекет үшін маңызы айрықша. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алды. Бүгінгідей бюджет қаражатының әр тиыны тиімді жұмсалуы тиіс уақытта мұның маңызы да зор. Осы орайда, Түркістан қаласында мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстарының жүргізіліп келе жатқанына біраз болды.

Мәселен, ағымдағы жылы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасарлары Елтай Азатұлы Бекмурзин мен Ерлан Әлімқұлұлы Тұрысовтың төрағалығымен Департамент қызметкерлері және Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жиынның алғашқы сөзін алған Елтай Азатұлы Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екендігін және мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді ұмытпау қажетігін, әрбір қызметкерге бекітілген жұмыстарды уақытылы және сапалы орындап, құқықбұзушылық фактілеріне жол бермеу керектігін атап өтті. Жиынды кейіннен Департаменттің Адам ресурстары басқармасы Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Серік Уайданұлы Беркімбаев жалғастырды. Серік Уайданұлы өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесіне айналғанын және онымен тұрақты түрде күресу, әрбір қызметкер өздерінің қызметтік міндеттерін, әдеп ережелері мен қызметтік тәртіпті қатаң сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, әріптестерімен қарым қатынаста тек қана іскерлік әдепті, мәдениетті сақтау қажеттігін баса айтып өтті.

Жиын соңында, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттерін қалыптастыру яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін арттыру мақсатында әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлықпен күресте халықаралық ынтымақтастықтың алар орны айрықша. Осы орайда, елімізде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЭЫДҰ) Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісімен (ACN) ынтымақтастықта ұйымдастырылған тренинг өткен болатын. Іс-шара қатысушылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды тергеу және ашық ақпарат көздерінің құралдарын пайдалану саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге бағытталған. Тренинг бағдарламасы бірқатар сессияларды қамтыды, оның барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, ақшаны жылыстатуда үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды, сондай-ақ ашық көздер арқылы сыбайлас жемқорлық схемаларын тергеудің әдістері мен құралдарын зерттеді. Қатысушыларға теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берген сыбайлас жемқорлық туралы гипотетикалық істер бойынша жұмысты қоса алғанда, практикалық аспектілерге ерекше назар аударылады. Бағдарламаның маңызды бөлігі халықаралық сарапшылардың, соның ішінде ұйымдасқан қылмысты тергеу тәжірибесімен бөліскен Италиядан келген Андреа Де Томмазоның, сондай-ақ ақшаны жылыстатумен күресудің ең жақсы тәжірибелері туралы айтқан Латвиядан келген Улдис Цинкманистің сөйлеген сөздері болды. Тренинг сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті және қазақстандық құқық қорғаушылардың заманауи технологиялар мен тергеу әдістерін пайдаланудағы біліктілігін арттыруға ықпал етті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушылар курсты меңгергені туралы сертификаттар алды. Алдағы уақытта мұнда тәжірибе алмасу барысында жиналған дағды мен тәжірибе елімізде кеңінен қолданысқа енгізіледі. Нәтижесінде саладағы жұмыстың серпінді түрде жүргізілуіне ықпал етпек.