БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУДА 200 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ҚАРАЛДЫ

1359
0
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, білім, жер телімін заңдастыру бағыттарын қамтыды.
Сонымен қатар қабылдауға кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар да келіп, жаңа жобалары мен бастамаларын ұсынды. Қала басшысы әлеуметтік маңызы бар ұсыныстармен келген тұрғындарға алғыс айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200 тұрғынның арыз-шағымын тыңдады. Ғабит Сыздықбеков азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ жауаптыларға кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді шешуде халықтың пікірін, талап-тілегін ескеруді тапсырды.