КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ КЕЛЕЛІ ЖИЫНДА БАС ҚОСТЫ
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселе. Ол мемлекеттің болашағына үлкен қауіп төндіріп, халықтың әл-ауқатының төмендеуіне, құқықтық жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу тек биліктің ғана емес, әрбір азаматтың да борышы мен міндеті болуы тиіс. Бұл – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сыбайлас жемқорлық экономикилық өсімді тежеп, инвестициялардың азаюына себеп болады. Мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылмауы, бюджеттік қаржының талан-таражға салынуы елдің қаржылық тұрақтылығын бұзады. Нәтижесінде, халықтың әл-ауқаты нашарлап, жұмыссыздық пен кедейлік артады. Жемқорлықтың салдарынан қоғамда әділетсіздік орнап, азаматтардың мемлекетке деген сенімі жоғалады. Қызметтік лауазымды жеке бас пайдасына пайдалану қарапайым халықтың құқықтарын таптап, әділдіктің болмауына әкеледі.
Жемқорлық тек материалдық шығынмен шектелмейді, ол қоғамның моральдық негіздерін бұзады. Әділдік, адалдық сияқты құндылықтар екінші орынға ығысып, адамдардың заңсыз жолмен баюға ұмтылуы қалыпты жағдайға айналады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес алдымен әр адамның ішкі дүниесінен басталады. Әрқайсымыз өзімізден бастап, заңға сәйкес әрекет етіп, адалдық пен әділдікке ұмтылуымыз қажет. Бұл тұрғыда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Қоғамда құқықтық сауаттылықтың төмен болуы жемқорлықтың өршуіне жол ашады. Сондықтан азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білуі маңызды. Білім беру орындарында құқықтық білім беруді күшейту арқылы болашақ ұрпақтың жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыруға болады. Жемқорлықпен күресте қатаң заңдар қабылдау және оларды мүлтіксіз орындау маңызды. Жемқорлыққа қарсы заңдардың тімділігі мен олардың орындалуын қадағалау – құқықтық жүйенің негізгі міндеті. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметі ашық болуы тиіс. Қоғамдық бақылау және есептілік механизмдерін, мемлекеттік құрылымдардың адалдығын қамтамасыз ету керек. Балабақша мен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін адалдық пен әділдікке тәрбиелеу маңызды. Жас ұрпақты парақорлық пен жемқорлықтан алыс ұстап, оларды жауапкершілікке баулу – болашақта жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бір күндік жұмыс емес, бұл ұзақ мерзімді және жүйелі шараларды талап ететін күрделі процесс. Әрбір қазақстандық жемқорлыққа қарсы күрестің маңызын түсініп, өз үлесін қосуы тиіс. Тек осылайша ғана біз әділдікке, адалдыққа негізделген қоғам құрып, жарқын болашаққа қадам басамыз. Осы орайда, Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи колледжінде студенттерді жатақхана ережесімен таныстыру, қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалануға жанашырлық көзқарас қалыптастыру, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ішкі тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мамандармен арнайы жиналыс өткізілді. Студенттерге құқықтары мен міндеттері, жатақханада тұру ережелері түсіндіріліп, оларға тәрбие жұмысының негізгі бағыттары ұсынылды. Сондай-ақ, студенттерге тұрмысты ұйымдастыру және ішкі тәртіпті сақтау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді. Қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалануға, жанашырлық көзқарас қалыптастыруға және тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз етуге шақырды. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Сонымен бірге кибербуллингке және ерте жүктіліктің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірмелер жүргізілді. Шараға колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Ш.Надирбаев, Түркістан ҚПБ ЖПҚ АУИ полиция майоры И.Шадманов, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ж.Рысбеков, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция майоры Зейнешов Сағи, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция капитаны Жаңатаев Қамбар Шораұлы, Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция капитаны Берік Жаханұлы, жатақхана тәрбиешісі С.Абдихадирова қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл әрбір азаматтың санасында адалдық пен әділдікке негізделген ұстанымдар мен құндылықтарды тәрбиелеу. Бұл мәдениет қоғамда заңды құрметтеуге, әділеттілік пен ашықтыққа деген сенімді қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жеке жауапкершілігі мен моральдық құндылықтарына негізделеді және ол тек заңдар арқылы емес, қоғамдық сана арқылы нығайтылуы керек. Егер халық мемлекетке және оның институттарына сенім білдірсе, онда елдің тұрақтылығы мен дамуы қамтамасыз етіледі. Сенім болмаса, әлеуметтік тұрақсыздық пайда болады, бұл өз кезегінде елдің экономикалық және саяси жағдайына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамда барлық азаматтар тең құқықтарға ие болады. Әділеттілік орнаған кезде адамдардың мүмкіндіктері тең болады, бұл қоғамның әртүрлі салаларының дамуына оң ықпал етеді. Жемқорлыққа қарсы мәдениет экономикалық тұрақтылықтың кепілі болып табылады. Білім беру орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы пәндер оқытылып, студенттерге сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы түсіндірілуі тиіс. Жас ұрпақтың бойына әділеттілік пен жауапкершілікті сіңіру – болашақта жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі ашық болуы тиіс. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің халық алдындағы есептілігін арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Құқықтық сауаттылығы жоғары азаматтар заң бұзушылықтарға төзбейді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізуге дайын болады. Сондықтан азаматтардың құқықтық білімін арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті күшейту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда әрбір адамның рөлі маңызды. Азаматтар заңсыз әрекеттерге төзімділік танытпай, оларды әшкерелеуге дайын болуы керек. Бұл тұрғыда отбасы тәрбиесі де маңызды рөл атқарады, себебі адалдық пен әділдік құндылықтары ең алдымен отбасында қалыптасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның дамуы мен тұрақтылығының негізі. Бұл процесс әрбір азаматтың санасындағы өзгерістерден басталады. Адалдықты, әділдікті және ашықтықты ұстанатын қоғамда ғана сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың міндетіміз. Бұл тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Жарқын болашақ үшін сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құруға бәріміз атсалысуымыз керек.