ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЗДАР БАС ҚОСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керек. Өздеріңізге мәлім, соңғы бес жылда біз әртүрлі құндылықтар жайлы жиі пікір алмасып, ой елегінен өткіздік. Оның бәрі уақытша ғана мәні бар жалаң тақырыптарды талқылау емес, идеология саласында жүргізілетін кешенді жұмыстың нақты бағдарын айқындау үшін жасалды» деген болатын. Бұл жердегі «адал азамат» деген ұғымның астарында ауқымды ой, терең мағына жатыр. Жасыратыны жоқ, бұл құндылық сыбайлас жемқорлық мәселесімен тамырлас келеді десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені дәл осы құндылықтың кең түсінікке ие болмауы салдарын сыбайлас жемқорлық мәселелері елімізде өкінішке қарай өршіп тұр. Сондықтан мемлекет басшысы атап айтқан құндылықты өскелең ұрпақтың бойына сіңіру – сыбайлас жемқорлық сынды ксеелді дүниені түбірімен жоюға түрткі бола алмақ. Осы орайда, жуырда Түркістан қаласында біз сөз еткен тақырыпқа тұздық болатын маңызды шара өткен еді. Бүгінгі материалымызда сол туралы тарқата баяндамақпыз…
Жалпы биылғы жаңа оқу жылында барлық білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жүзеге асатын болады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Мемлекет басшысы еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан — Адал азамат — Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Бұл үштаған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналып отыр. Бағдарлама адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, сыбайлас жемқорлық сынды кеселді дүниедег ада, адал азаматтарды тәрбиелеу арқылы озық ойлы ұлтты қалыптастыруға бағыт береді. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылатын болады. Тәрбие парадигмасын жаңарту қазіргі қоғамның мәселері, шешу жолдары, құндылықтар, әрекет, іс-шара, құзыреттілік, нәтиже арқылы көрсетіледі. Білім бөлімінің кезекті басқосуы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын білім мекемелерінде іске асыруға арналды. Мектеп басшыларымен өткен жиналыста бөлім басшысы Оразкүл Шайхықызы бағдарламаның мән-мазмұны, жас ұрпақтың болашағына әсері жайлы әңгімелеп, бағдарламаны іске асыруда әрбір педагог белсенді әрекет етуі керектігін нақтылап айтты. Ал, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Прімбетова мен қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлмира Құлбайымбетова бағдарламамен, оның негізгі басымдықтарымен, іске асыру бойынша жоспарымен толық таныстырып өтті. Абай айтқан «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Міне, осы қасиетті бойына сіңірген адамның келешегі зор, болашағы айқын болмақ. Адам баласының мәдениетін, парасатын тұлғалайтын да осы қасиеттер. Бұл да бүгінгі жастарымызға керек-ақ. Айта кетейік, елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар іске асып келеді. Мәселен, судьяларды іріктеу және бағалау жүйесі жақсартылды. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда судьяның әдебі жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды. «Татуластырушы судья» лауазымы енгізілді, бұл соттарға жүктемені үш есе азайтты: істердің жартысына жуығы татуласумен аяқталуда, тараптар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтып, дауды өздері шешуде. Сот процестері онлайн-режимге ауыстырылды. Істерді автоматты бөлу алгоритмінде айла-шарғы жасау мүмкіндігі жойылды. Заң үстемдігі қағидатын сөзсіз қолдану мақсатында, халықаралық бизнестің азаматтық және коммерциялық дауларын жедел шешу үшін ерекше құқықтық режим шеңберінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығының Тәуелсіз соты құрылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау кепілдіктерін күшейтуге, жазалаудың бұлтартпастығына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілуде. Пенитенциарлық мекемелерде және полицияның қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде жаппай бейне-байқау енгізілуде. Күнделікті практикада сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, әкімшілік іс жүргізудің, тексеру субъектілері мен объектілерін есепке алудың электрондық жүйелері, сондай-ақ «Qamqor» ақпараттық сервисі қолданылады. Құқық бұзушылардың лауазымды адамдармен тікелей байланысын болдырмайтын «Сергек» жол жүрісін бейне-бақылау практикасын кеңейту құқық қорғау органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін цифрландыруды пайдаланудың жарқын мысалы болып табылады.
Құқық қорғау жүйесіне мемлекеттік қызметте қолданылатын рекрутинг стандарттарын енгізу іріктеудің айқындылығын және тиісінше, кадрлардың сапасы мен «тазалығын» қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілігін күшейтумен қатар, олардың жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ жекелеген санаттарға тұрғын үйді жалға алу және сатып алу шығындарын өтеу көзделген. Қоғамдық бақылауды кеңейту, мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұтас қатары әрекет ететін қоғамдық бақылау күшейтілді. Ұлттық алдын алу тетігі, қоғамдық байқаушы комиссиялар белсенді жұмыс істеуде. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қоғамды шешімдер қабылдау процестеріне тарту үшін тиімді институционалдық-құқықтық негіз қалыптастырылды. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға өзгерістер енгізу арқылы қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі кеңейтілді. Қоғамдық бақылауды енгізу процесінде саяси партиялар маңызды рөл атқарады. Жұртшылық өкілдерінен құрылған арнаулы мониторингтік топ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуын бағалауды қамтамасыз етті. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңда қоғам алдында есеп беретін және транспарентті мемлекетті қалыптастыру үшін негіздер қаланды. «Ашық үкімет» электрондық платформасында ашық деректердің бес порталы құрылды. Олар — «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық деректер», «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау», «Ашық диалог». Бұл ресурстар азаматтардың бюджеттік бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуына, статистикалық ақпарат алуына және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына проблемалық мәселелермен жүгінуіне мүмкіндік береді. «е-Өтініш» арнаулы сервисін енгізу арқылы азаматтардың жолданымдарымен жұмысты қайта іске қосу жүзеге асырылды, ол шағымдарды ыңғайлы және жылдам беруге, олардың қаралуын онлайн-режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануына орай жария- құқықтық дауларды қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері енгізілді, сондай-ақ билік органдарының шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу кепілдіктері күшейтілді. Жұртшылық қатарынан 150 тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, 11,2 мың нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді, бұл 30 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік берді. Өңірлік мәні бар маңызды мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуына негізделген жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді моделі дамытылуда. Астананың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындарына аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жобаларға бастамашылық етуге мүмкіндік беретін «халық қатысатын бюджет» енгізілді. Бюджеттің төртінші деңгейін қалыптастыру арқылы ауыл халқының бюджет қаражатының не үшін жұмсалатынын дербес анықтау мүмкіндігі бар. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлау енгізілді. «Адалдық алаңы» жобасының ауқымы ел бойынша кеңейтілді, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл арналарын құруға мүмкіндік берді.